Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1350 3 пікір 21 Қараша, 2022 сағат 14:32

Мейрам Қажыкен саяси партия құрмақ

Президентікке үміткер Мейрам Қажыкен Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтап, "Yntymaq" саяси партиясын құруға ниетті екенін мәлімдеді.

«Қазақстан өз таңдауын жасады.Президент сенім несиесін ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның болашағы үшін үлкен жауапкершілікті де алды. Маған дауыс бергендердің бәріне алғысымды білдіргім келеді. Мені президенттікке кандидат етіп ұсынған «Аманат» республикалық бірлестігіне ерекше алғыс айтамын. Маған, бағдарламама сенген жұмысшыларға, студенттерге, зейнеткерлерге мың алғысымды білдіремін. Менің бағдарламам өзекті болып қала береді және оны жалғастырамын. Осы орайда "Yntymaq" саяси партиясын құруға ниеттестерім көмектеседі. Менде өз таңдауымды жасадым. Саясатта қаламын», - деді ол «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.

 

Abai.kz

3 пікір