Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2155 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 11:50

«Қазғарыш»: ұлттық мүддені табанды қорғау – басты міндет»

Қынжыламыз ба, қайтеміз: қазақ тілі «ғарышқа» жүрмейді екен. Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетовтің қатысуымен өткен Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің кешегі кеңейтілген, қорытынды алқа отырысы толығымен, бастан-аяқ тек орыс тілінде өтті. Содан жиын соңына дейін кірпінің үстіне отырғандай қылпылдаған телеарналардың қазақ бөлімдерінің журналистері алқа аяқтала салысымен, болғанды мемлекеттік тілде сауатты түрде көрермендерге түсіндіріп беретін тұлғаны іздеді. «Мұнда қазақша айта алатын адам бар ма?» деп аңыраған тілшілерге «Қазғарыш» басшысының орынбасары Мейірбек Молдабеков келді. Мына жайттың мәнісін де сол кісіден сұрадық: «Роскосмос» Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» туралы Келісімнің жаңа жобасын кері қайтарып тастапты.

Жалпы, тілге «теріс» қараған­дығы болмаса, «Қазғарыш» өз саласындағы мемлекеттік мүддені қорғауға жан салып жүрген ұйым. Оның басқа лажы да жоқ: Елбасы бұл Агенттікке Қазақстанды ға­рыш айлағын жай «жалға беру­шіден» «ғарыш қызметіне толық­қанды қатысушыға» айналдыру міндетін жүктеген. Бірақ Ресей әріп­тес емес, өзіне бәсекелес кө­ре ме, кім білсін, Қазақстанмен жаңа­­ша мәмілелесуге асығар емес.

- Қазақстан мен Ресей Феде­рациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін пайдалану бойынша ары қарайғы ынтымақтастық туралы Келісім жобасының бірінші нұс­қасын әзірлеп, Ресейге бағыт­тадық, - деді «Қазғарыш» бас­шы­сы, ғарышкер Талғат Мұсабаев. - «Роскосмос» ол Келісім жоба­сын әлі пысықтауды ұсынды.

«Біз «Роскосмосқа» қарауға жібергенбіз, олар өз ескертулерін, ұсыныстарын қосып, бізге қай­тарды, - деп хабарлады бізге Ұлт­тық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Мол­да­беков. - Олардың айтуынша, біз әзірлеген нұсқада барлық мәсе­лелер ескерілмеген. Соларды ес­керу туралы ұсыныстары келіп отыр. Біз жаңа Келісімде Қазақ­стан үшін ғарыштық қызметке тікелей қатысуға мүмкіншіліктер қарастырдық. Қолданыстағы Келісімде ол қарастырылмаған». «Жалпы, Ресей бізді сол іске жіберуге келісіп отыр ма?» деп сұрадық. Ондай уағдаластыққа ендігі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізіліпті. «Енді екі ел президенттерінің шешім­дерін біз нақты іс-шаралармен, қадам-қадам бойынша іске асы­­руы­мыз керек қой. Осы қадам­дар талқыланып жатыр» деді М.Молдабеков.

Осының алдында Т.Мұса­баев­тың «Байқоңырдан» ұшы­рылатын зымырандар санының жыл сайын қысқара беретіндігі жөніндегі мәлімдемесі Ресей тарапынан ашыныс туғызған. Артынша солтүстік көршіміз елі­мізге қарсылық нотасын жолдап, онда «егер зымырандар санын шектесеңдер, біз «Бәйтерек» сияқ­­ты бірлескен жобалардан шығамыз» деген ауанда «таңдау» ұсыныпты. Жалпы, «зымыран ұшырулар санын қысқарту» тура­лы бұрыннан уағдаластық бар екен, бірақ бұл жерде улы геп­тилмен ұшатын «Протон» зымы­рандарының санын экологиялық жағынан таза, керосинмен ұша­тын «Ангарамен» алмастыру есе­бінен қысқарту көзделіпті. Бірақ қазір «Ангара» зымыра­нының «Байқоңырдан» ұшпайтындығы белгілі болуда. Сондықтан «Рос­космос» «Протондардың» ұшу санын сақтап қалуға жан салуда деседі. «Біз «Ангара» алмастырмаса да, «Протондар» санын қыс­қар­тамыз деп нық айттық оларға» дейді «Қазғарыш» төрағасының орынбасары. Қазақстан ақыры осыған көршісін көндіргенге ұқсайды!

Алқа отырысында вице-пре­­мьер Қайрат Келімбетов ел Үкі­метінің «Байқоңырға» қа­тыс­ты ұстанымын мәлімдеді: «2004 жылы Қазақстан мен Ресей лидерлері қол қойған «Бай­қоң­ыр» ғарыш айлағын жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту туралы Келісімді сөзсіз ұстанатындығымызды ресми түрде растаймын! Қазақстан мен Ресей одақтас және басқалармен қоса, ғарыш саласында да стратегиялық әріптес болып табылады. Сон­дық­тан барлық туындайтын мәсе­ле­лер үкіметаралық комиссия ая­сын­да, жұмыс тәртібінде тал­қыланады. Ол комиссияны мен, РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен бірге басқаратын боламыз. Келіс­сөздер екі елдің ғарыштық ме­ке­мелер деңгейінде жүруде. Даулы мәселелерді сындарлы келіссөздер жолымен шешеміз».

Қайрат Нематұлы осы тұста «жоғары токсикалық отынды пайдаланатын, Қазақстандағы экологиялық жағдайға кері әсер ететін зымырандарды ұшыру санын қысқартуға қатысты мәселелер» туындап отырғандығын жеткізді. «Келісімге сәйкес, Ресей тарапы «Протон» зымырантасығыштарын кезең-кезеңмен қысқартуға сеп­те­суге міндеттеме алды» деп мәлім­деді Қ.Келімбетов.

Алқаны қорытқан Үкімет бас­шысының орынбасары ғарыш саласына жауапты тұлғаларға: «ұлттық мүддені табанды қорғау» «басты міндет» деп белгіледі.

Тағы бір дерек: «ҚазСАТ-2» ғарыш серігі бүгінде 56 пайызға ғана жүктеліпті. Оның қызметіне еліміздің 9 байланыс операторы жүгінеді екен. «Осының арқасында 35 миллион доллар елімізде қалды» деді «Республикалық ғарыштық байланыс орталығының» прези­ден­ті В.Лефтер. Вице-премьер биылғы жылы бұл көрсеткішті 70 пайзыға жеткізу туралы тапсырма берді.

Айхан ШӘРІП

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395