Жұма, 15 Мамыр 2026
2346 0 пікір 24 Қараша, 2022 сағат 15:53

1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік көліктердің алым мөлшерін белгілейтін заң қабылданды

Парламент Сенаты 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген автомобильдерді заңдастыру кезінде бастапқы тіркеу үшін 200 000 мың теңге сомасында алым мөлшерлемесін белгілейтін Салық кодексіне түзетулер қабылдады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру, олардың утильалымы мен бастапқы тіркеуі үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын бірыңғай алым белгілеуді тапсырған болатын. Қабылданған түзетулер белгілі санаттағы автомобильдерді тіркеу кезінде 200 000 теңге мөлшерінде төмендетілген алым мөлшерлемесін бекітеді.

Заң президентке қол қоюға жіберілді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2744
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1863