Сенбі, 23 Қараша 2024
1514 0 пікір 25 Қараша, 2022 сағат 13:11

Elmedia кеңсесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының журналист әйелдерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды», - делінген жазбада.

Артынша, POLISIA.KZ: ««El Media» реадакциясына кіретін терезелерді сындырған бұзақылар ұсталды.  Алматы қаласының полиция Департаменті, аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адамның ұсталғанын хабарлайды: Алматы қаласының тұрғыны З.есімді азамат және Тараздық Г.есімді азамат. Екеуі де 18 жаста.

Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады. Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады. Істің басқа да мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364