«Шалқар» радиосы онлайн режимде көрсетіле бастады
«Шалқар» радиосының тарихында бүгін үлкен жаңалық болды. Бүгіннен бастап халықтың сүйікті радиосы бейне-онлайн режимде (http://radioshalkar.kaztrk.kz/online_radio/cam/) көрсетіле бастады»,- деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.
2013 жылдың15 ақпанында сағат 11.20-да эфирге шыққан «Депутат сағаты» хабарының бүгінгі қонағы ҚР Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова болды. Бағдарламаның бүгінгі тарихи санын журналист Гүлнұр Омарханқызы жүргізді. Депутат көрермен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, өзінің сүйікті ақындарының өлеңінен үзінді оқыды.
Айта кетерлігі заманауи техниканың қарыштап дамуы радионың тыңдарманы ғана емес, көрермені де болатынын көрсетіп отыр. Тыңдарманды радио жүргізушілерінің тікелей эфирдегі өзін-өзі ұстауы, қимыл- әрекеті мен көңіл-күйі, жалпы радионың ішкі көрінісі қандай болады екен деген ой жиі мазалайтыны анық. Бірақ радионың ішкі әлемі үнемі жұмбақ күйінде қалатын. «Шалқар» радиосына орнатылған веб камералар осы олқылықтың орнын толтырып, телеарнамен үзеңгі түйістіруге мүмкіндік берді.

Шалқар радиосы 1966 жылы 1 қаңтардан бастап әуе толқынына шықты. Алғашында ақпаратты-сазды болып ашылған бұл арна кейіннен әр түрлі жанрлармен (қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары, әдеби-музыка шығармаларды насихаттау, тағы басқа) өз бағдарламасын кеңейтті. Бірте-бірте «Шалқар» радиосы республика көлемінде ғана емес, шет елге де хабар тарата бастады.
«Шалқар» радиосының басты мақсаты қазақ халқының ұлттық-рухани құндылықтарын жан-жақты насихаттау. «Шалқар» радиосын онлайн режимде көруге шақырамыз.
http://radioshalkar.kaztrk.kz/online_radio/cam/