Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3217 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 05:33

Қарағандылық археологтар әлемдік маңызы бар көне жәдігер тапты

Қарағанды. 12 тамыз. ҚазТАГ -  Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының экспедициясы Ащысу қорымында қазба жұмыстарын жүргізу барысында біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтың алғашқы ширегіне жататын қола құмыра тауып алды.

Экспедицияның жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, артефактіні тауып алған Игорь Кукушкин ҚазТАГ агенттігіне: «Бесінші қорғанда бірегей жұқа қабырғалы құмыра табылды. Ол пішіні мен орындау техникасы бойынша керамикалық ыдысқа ұқсас. Ол моланың оңтүстік бұрышында үлкен тастардың астында жатқан және жақсы сақталған. Біздің пікірімізше, бұл  -  Еуразия далаларында мекен еткен мал шаруашылығымен айналысқан тайпалардың ыдыстарынан табылған жалғыз қола құмыра. Ол сақ тайпаларының қола қазандарына дейін мың жарым жыл бұрын және қытайлық қола құю дәуірінен кем дегенде 500 жыл бұрын құйылған»,-деді.

Ғалымның айтуынша, тарихи олжаның маңызы зор. «Еуразия далаларында ерте қола дәуірінде мекен еткен ежелгі андрондықтар құйма ісінің жоғаты технологияларын меңгерген деп айта аламыз. Оларда тау-кен өндірісі жақсы дамыған. Осы заманға жататын қола бұйымдар бұрын да табылған, қазір де табылып жатыр. Алайда барлық жәдігерлер қару-саймандар болатын, жебе ұштары, қола табақтар, әшекейлер. Ыдыс жасау құйма ісінің дамыған технологиясын талап ететін және бұл технология Еуразияда сақ заманында пайда болды деп есептелген еді. Енді мұның мың жарым жыл бұрын болғанына көзіміз жетіп отыр», - деді ол.

Бұл күндері қарағандылық ғалымдарды бүкіл әлем ғалымдары құттықтап жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371