Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2861 0 пікір 17 Ақпан, 2013 сағат 20:10

Бейсен Ахметұлы. Алтай кімге қалады?

Күллі Түркі жұртының ата мекені, табиғаты мен тарихы таңғажайып алып аймақ -  Алтайдың тағдыры кімді болмасын толғандырмай қоймайды. Әсіресе Алтайдың күңгейі мен теріскейін жайлаған қазақтың бұл мәселеде айтары  көп. Сенатор, ғалым ағамыз Әділ Ахметовтың сөзіне сүйенсек: «Алтай күллі Түркінің шыққан жері, ата мекені. Күллі адамзаттың алтын бесігі».  Өкініштісі сол Алтайдың төрт бұрышы төрт елге қарап «төртеуі түгел» болмай тұр.  Қытайға қараған бетінде қарт Алтайдың көз жанарындай қос көлі  - Үліңгір мен Қанасы жатыр. Тарам-тарам болып құлап аққан жеті өзені  хансу халқының кепкен кенезесін жібітіп қазақ жеріне жетпей қалуда.  Ертіске құятын өзендердің басына салған кен орындарынан аққан улы қалдықтарға ие бола алмай, қытай жағы былтыр  «қойманы бұзып кетті» деп, Ертістің біз жақтағы сағасын умен улады.

Қазір Қытайдың Алтай аймағының 50 пайыз халқы - қазақтар. 300 мыңға жақын қазақ сонда өмір сүруде. 20 жылдан бері шақырған Тәуелсіз Қазақ еліне бет бұрып, біржола қоныс аударуға біреуінің шамасы келіп,  біреуінің шамасы келер емес.  Қайсыбірінің шамасы келседе алып Алтайын қиып кете алмауда. Алтын босағасын, ата-баба жұртын тастап кетуді ар көреді, намыстанады.  Тірі болса,  Алтайда тентіреп, өлсе құшағында жатуды мақсат етіндер де бар.  Кім білсін, экономикасы мен саясаты тоқырай бастаған Қытайдың басына  күн туа қалса, ол қайран елге де бір мүмкіндік болар

Ал терістік Алтайда алтайлар мен теленгіттер жатыр Алтай республикасы болып. Өкінішітісі осы «Алтай» деген ұлттың  керейлер мен наймандар екенін біреу білсе, біреу білмейді.  Алтайлар ислам діні жетпей қалған қазақтар болатын. Сталин осы өзгешелікті мықты пайдаланып, алтай ұлтын қолдан жасап, қарығы ашылмаған халықты екіге бөлді,  тура Енесей қырғыздары (хакастар) мен Ыстық көл қырғыздары сияқты етіп.  Алтайлардың тілі 80 пайыз көне  қазақша, 10 пайыздай мұңғұл диалектісі бар, 10 пайыз орыс тілінің қоспасы байқалады. Алтайлар көне түркілердің  Тәңірлік ұғымынан айнымаған жұрт. Дүниетанымы баяғы Алтай  қазақтарымен бірдей. Тіпті музыка аспаптары мен тұрмыс салттарына дейін Алтай қазақтарына ұқсас, тек дін жетпей қалған.  Ал Теленгіттер - біздің төлеңгіттер, яғни Шыңғысхан ұрпақтарының  қасындағы аталықтар, жауынгерлер болатын.

Алтай Республикасының  30 пайызы, яғни 70 мыңдайы алтайлар. Олардың бір бөлегі өздерін Телеуіт, Шор ұлтымыз деп атап жүр. Міне, бұл ұлтты бөлшектеудің орысша үлгісі. Арақты атасының асындай ішуді үйреткен орыстар ақыры алтайлардың ұлттық сапасына да осындай түрлі жолдармен әсер етті. Жан саны өспей, дүниеден бейхабар, арақкеш ұлттқа айнала бастады.   Президенті де орыс - Бердников Александр деген біреу.  Жолыңыз түсіп Таулы Алтай қаласына барып,  таныса қалсаңыз  алтайлар өздерін «Ұлтым - Алтай, руым Керей немесе Найман, тіпті Меркіт» - деп айтады. Осыдан 20 неше жыл бұрын Қазақстан шекарасында ұлты «керей» боп жазылған қазақтарды көріп қазақ шекарашылары олардан ұлтын қайтадан жазып әкелуді талап етіпті, міне бұл орыстардың тағы бір айласы болса керек.  Қайран аңқау жұртым мәз боп жүргенде біреулер оларды сыртынан саудаға салып жатыпты.  Соңғы 5-6 жылдан бері алтайлар ұлттық мүддені мықтап көтере бастады, тіпті Түркі халықтарымен қарым-қатынастарын күшейтіп, рухани серпіліске бет алды. Енді оларға Түркі жұрты арқа тірер тірегі болып көрінуде.

Ал Мұңғұл Алтайы Қара көз қазақтарымыздың қолында. Кәзірше басқа Алтай жерлеріне қарағанда елі орынша, жері бұрынғыша. Бейбіт. Енді сұрақ туады:  біз, қазақтар, сол діні басқа болғанымен ділі бір, тегі бір  қазақтар үшін не істеп жүрміз? Түкте. Тіпті анау Қытайдағы қазақтардың мектептері жабылып жатқанын ести тұра «мыңқ» етуге жарамадық. Қытайдағы қазақтар - жетім қазақтар болды да, алтайлар өгей балалар болды.

Меніңше, бүгінгі  мәңгүрттенген қазақтарға тек ғана ақша керек. Атақ керек. Ұрпақтың болашағы мен бабалардың аманаты олардың ойына кіріп шығар емес.  Мемлекеттік билікте де халық санасына сілкініс жасайтындай тәрбие жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан бүгінгі ішкенге мәз, жегенге тоқ қазақтардың тарапынан алтайлық «бейшараларға» қайдан көмек болсын?

Масондардың майда саясатына қылқынған билік ұлттық мүдде туралы айтсаң тек бас изейді де буынып қалады.  Ауылда отырып, үй салуға жер таба алмай жүрген бейшара қазақтар -  осы біздің қазақтар. Бәлкім, Қазақстан сол алтайлық қазақтардан көмек күтіп жүргенде болу мүмкін.  Иә, олар аямай көмектесті. Қазақстан тәуелсіздік  алғанда Мұңғұл Алтайы жүз мыңдаған ерікті «жауынгерлерін» жіберіп ұлттың саны мен сапасына үлес қосты, намысын оятып, жүректерін жібітті. Ал қазіргі қытай территориясындағы  қазақтар тіпті 1960-1962 жылдардың өзінде неше жүз мыңдаған адамын жіберіп, хал үстінде жатқан қазақтың жүрегіне жан бітірді. Кеше ғана тәуелсіздіктен кейін келген  Алтай қазақтары құжынаған құжаттар мен таусылмайтын кедергілерге қарамай Қазақстан үшін жан кештілікпен жұмыс жасады. Тіпті сол шеттен келген қазақтар мына кедергісі мен кесапаты көп қоғамда тұрақтап тұру үшін әлі күресіп жатыр.  Кеткен орыстың орнын толтырып, қашқан немістің күркесіне ие болды. Бірақ оларға жер тимеді.  Неге?  5 қазақ жер алып, мың қазақ далада қалады?  Неге 5 қазақ үй алып,  мың қазақ пәтер жалдайды? Ол кімге керек? Мүмкін қолы аузына жепеген қазақ саясатпен алыспайды деп ойлайтын болар жоғарыдағылар. Онда қателескені, тура солай ойлағандардың тұқымы болашақта Қазақстанда табан тіреп тұра алмайтын болады. Ендеше ұлы Алаш идеясы қайта көтерілу керек. Ол: «Жер, Жер және Жер». Мұны Әлихан Бөкейхан атамыз айтқан болатын.

Енді бастапқы сөзімізге оралайық. Алтай кімге қалу керек?  Алтай ұлы түркілердің бізге қалдырған сыйы болатын, аманаты болатын. Оны Күлтегін бабамыз тасқа қашап жазып кеткенін бәріміз білеміз. Ендеше, Алтай тек ғана біздікі болуға тиісті.   Ол үшін ұлттық әлеуметтік жағдайды сөз жүзінде емес,  іс жүзінде орындауға көшкен абызал. Тек ақша мен атақты мақсат еткен жабайы экономикалық саясаттан гөрі нақты қоғам мен елге сай әлеуметтік экономикаға бет бұруымыз керек.  Әлеуметтің әлеуеті көтерілсе, анау қара көздерімізге де көмектесуге мүмкіндік болар еді. Ал мүмкіндігі бола тұра тым болмаса сөз жүзінде қолдап, сенім мен медет беретін қазақ елінің билігі моральдік жақтан шіріген, тұлғалық жақтан тұралаған.  Олар, яғни биліктегілердің біразы  анау 40-45 жылдардың жетімдері.  Ал олардың орнын басатын біздің міндетіміз өте ауыр. Бұл міндет бізді ұлы Алтайды сақтап қалуға жетелейді.  Заман осылай дами берсе, орыс азаяды, азады.  Қытай өзін-өзі жеп, қақырайды. Біз сол кезде Алтайға көмектесуге дайын болуымыз керек.

Ұзақ болашақтық саясат ұрпақ қамымен сәйкесуі керек, ағайын! Біздің қазақ ғана емес, күллі түркі жұрты Алтайға қарыздар. Ол біздің Алтай әрі солай болуға тиісті. Мүмкін біздің қолымыздан не келер деп ойларсыздар. Алла қаласа, бәрі келеді.    Алыстағы ағайындарымызды, мейлі олар Ислам дінінде болсын, болмасын, қолтығынан демеп,  жүректеріне шуақ беруіміз керек.  Бүгінімізге мәз болғаннан гөрі ертеңіміз үшін ойланғанымыз абызал.  Тек ниет таза, жүрек орнында болса, бәрі де оңалады!  Ұлы халықта ұлы мұрат болады! Осыны ұмытпайық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396