Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2913 0 пікір 18 Ақпан, 2013 сағат 08:57

Бұрынғы мәселе бүгін де өзекті

Алаш баспасөзінің бастауы, ұлт жаршысы болған «Қазақ» газетінің ұлттық мүдде жолындағы бастамаларын бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары жалғастырып әкетуі керек. Осыдан бір ғасыр бұрын жарық көрген «Қазақ»-тың көтерген мәселелері әлі де өзекті. Бұл туралы кеше Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мен «Руханият» орталығы өткізген «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстелде айтылды.
ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялы­ла­рының көтерген дүниелеріне бүгінгі қо­ғамның көзқарасымен қарап, қазіргі за­манғы өзекті мәселелерді талқылауды мұ­рат еткен басқосуда сөз алған Л.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің журналистика факультетінің де­каны Қайрат Сақ ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының негізгі идеялық орталығы, ақыл-ойының ұясы, сондай-ақ жалпы қазақ санасының оянып, жүрегін дүр сілкіндіруге түрткі болған «Қазақ» га­зетінің тарихы, тағылым-тәжірибесі бү­гінгі таңда да аса өзекті екенін айтады. «Сондықтан да «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған шаралар тек тарих үшін ғана емес, бүгініміз бен болаша­ғымызды айқындау үшін де, ұлтымыздың бағ­дарын, жолын айқындап алу үшін де өте маңызды» деді ол.

Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанға­зы­ның пікірінше, «Қазақ» газеті ұлт мә­се­лесін аршып айтып, оны келешек ұрпақ алдына да қойып кетті. «Біздің бақытымыз - ұлт мәселесін жетер жеріне көтеріп кет­­кен «Қазақ» газетінің болғаны. Сол үшін онда қызмет еткен қайраткерлердің аты мәңгі өшпейді. Ол кісілердің аруағы риза болсын десек, бүгінгі қолына қалам ұстаған әрбір журналист «Ахаңның, Жахаңның сөзін мен айтпағанда, кім айтады?» деп, ұлттың мәселесін жұрттың санасына жететіндей етіп көтеруі керек. Бір ғана жер мәселесін алайық, қазір жерді алып пайдаланбай жатқандар бар. Ол пайдаланбайын деп жатыр ма, мүмкін пайдалануға техникасы, болмаса қара­жаты жетпей жатқан шығар? Олай болса, бұл мәселені қалай шешу керек деген сұ­рақ­тың жауабын республикалық газеттен бастап, аудандық газетке дейін жазу ке­рек. Осы ретте журналистердің істейтін жұ­мысы көп дер едім» дейді депутат.

Қазақстан Дипломатия қызметінің ең­бек сіңірген қайраткері, экономика ғы­­лымдарының докторы, профессор Сай­­лау Батыршаұлы бүгінгі БАҚ тәуел­сіздігімізге нұқсан келтіретін жайт­тарды жіті қадағалап отыруы керек екенін ай­тады. «1991 жылы 16 желтоқсанда тәуел­сіз­дігімізді жариялап, қуанып жатқан уа­қытта Мәскеу бізді мемлекет ретінде мойындаған жоқ. Қазақстанды 80-нен астам мемлекет тәуелсіз ел ретінде мойын­дап, келісім жасап үлгерген 1992 жыл­дың 22 қарашасына дейін Мәскеу бізді мойындамады. Соның салдарын бүгін де көріп отырмыз. Мысал айтайын, Кедендік одақтан кейін Еуразиялық одақ пен оның Парламентін құрамыз деді. Пар­ламенттің құрамы әр елдің халық са­нына сәйкес болады екен. Демек, ол Пар­ламенттің 80 пайызы орыстар, 9 пайы­­зы беларусьтар, ал 11 пайызы қа­зақ­тар болады деген сөз.

Парламентте шешім көп­шілік дауысьпен қабылданатынын ес­­керсек, онда Мәскеу кеңес үкіметі ке­зін­­дегідей билемекші болды бізді. Әрине, бұған еліміздің интеллигенциясы қарсы болды, жазатын жерге жазды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа рақмет, Мәскеу, Алматы, Астанада өткен басқосуларда осы мәселенің басын бір емес, бірнеше рет ашып берді. «Біздің тәуелсіздігімізге қол созбаңдар, біз экономикалық интег­рация туралы айтамыз, бізде саяси интег­рация жоқ. Біз БҰҰ-ға мүшеміз, тәуелсіз мемлекетпіз» деген сөзін де өткен жыл­дың 19 желтоқсанында айтты. Біз тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін мәсе­лелерді ашық айтуымыз керек. Ресей бас­шысы В.Путин осыдан үш ай бұрын Еуразиялық одақ құруға қатысты: «В связи с предстоящим созданием Евра­зийского Союза отпадает обустройство государственной границы между Россией и Казахстаном» деген пікір білдірді. Бұл не сөз? Екі мемлекет арасында шека­ра болмаса не болады? Біздер осындай пікірлер мен мәселелерді ескеріп отыруы­мыз керек. Мұны не үшін айтып отырмын. Осыдан бірер жыл бұрын біздің шекара­шыларымыз Ресейдің астық тиеген 30 КамАЗ көлігін ұстады. Алайда босатула­рына тура келді. Себебі екі тарап көлік ұсталған аумақты Қазақстан мен Ресейдің қайсысына тиесілі екенін дәлелдей алмаған. Өйткені ол маңда шекара қазығы қағылмаған. Осындай мәселені журна­листер ашық көрсетуі керек» деді Сай­лау Батыршаұлы.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті қазақ әдебиеті ка­фед­расының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов «Қазақ» газеті туралы айтқанда, оның алдында жарық көрген «Түр­кістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» га­зеттерінің болғанын ұмытпауымыз керек екенін еске салды. «Дала уәлаяты» газе­тінде де ұлттық мәселелерге қатысты көп мақала жариялағанын тілге тиек еткен профессор осы үш басылымның ұқсас­ты­ғы мен ерекшеліктері туралы мағыналы әңгіме шертті. «Қазақ»-та көтерілген ұлт мәселесінің бүгін де алдымызда тұрғанын шегелеп тұрып жеткізді.

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371