Баян Алагөзова жазушы Сәкен Сыбанбаймен соттаспақ
Продюсер Баян Алагөзова белгілі жазушы әрі журналист Сәкен Сыбанбайды сотқа беретінін мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Бірнеше күн бұрын жазушы Баян Алагөзова жайлы жазба жариялаған еді. Ол «Жұлдыздар отбасы» журналында жүргендегі бір оқиғаны есіне алады.
“Сондағы бір ауыз сөзі жетеді маған. Жек көруге. Мы тихо-мирно жили в прекрасном районе Алматы. А потом… понаехали эти… мамбеты, – деген. Осы сөзді кешіре алмаймын. Ол ҚАЗАҚТІЛДІ ҚАЗАҚТАРДЫ жек көреді. Бүкіл сұхбатынан, сөзінен, көзінен көрініп тұрады. Әрине, кейінгі кезде жасырыңқырауға тырысады. Пәле ғой. Бірақ қайдағы… бәрібір білінеді. «Одан бері он алты жыл өтіпті ғой, Баянның ойы өзгерген шығар?» дейсіз бе? Ха. Ромен Роллан айтпақшы, «адам өзгермейді, қалай туды – солай өледі». Сондықтан Баян не істеп жатыр, «кто она такая» – мені қызықтырмайды. ҚАЗАҚЫ ҚАЗАҚТЫ жек көретін адам – мен үшін ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЫ. Ормандай орыс Алла Пугачеваның әр тірлігін талқылап жатса, Алла – орыс өнері үшін зор еңбек сіңірді ғой. Талқылауға тұрады. Ал Баян ҚАЗАҚ ӨНЕРІ үшін не істепті? Сіздер талқылайтындай? Жарайды, Гүлназы бар (бір фильмде), майда-шүйде комедиядағы рөлдері бар. Сондай майда-шүйдені түсіргені де бар шығар. Бірақ сіздер талқыға салатындай не істеді?” – дейді ол.
Осылай деген жазушы қазақ қазақты талқыласа екен деп пікір білдірген. Баян Алагөзова жазушы Сәкен Сыбанбайдың жазбасын оқыған. Продюсер ешқашан мұндай сөзді айтпағанын мәлім етіп, жазушымен сотта кездесетінін мәлім еткен. Оның сөзінше, Баян Мақсатқызы, қазақтар жайлы жаман сөз сөйлемеген.
“Өз қолынан ештең келмейтін, бірақ менің атыма кір келтіргісі келетіндер – не деген көп едіңдер?”, - деп ренжіді Алагөзова.
Abai.kz