Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1260 0 пікір 29 Қараша, 2022 сағат 12:29

Екібастұзда 25 көпқабатты тұрғын үй мен 90 жеке үйде жылу жоқ

Екібастұзда 25 көпқабатты тұрғын үй мен 90 жеке үйге әлі жылу бармады, деді  Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

"29 қараша күні таңертең 25 көппәтерлі үй мен 90 жеке үйдің жылу желілерінде проблемалар туындады. Бұл үйлерге әлі жылу бармады. Желілерде ыстық су бар. Біз бұл үйлердің ішкі жылу жүйесін қалпына келтіруіміз керек", - деді Сқақов.

Оның айтуынша, төрт қазандықты тоқтату нәтижесінде жылу-энергетикалық орталық (ЖЭО) төмендетілген күшпен жұмыс істеді.

Қазір 10 қазандықтың алтауы жұмыс істейді. 25 бригада мен 37 техника тартылды. Басқа қалалардан көмекке мамандар келген. Жылусыз қалған тұрғындарға жылу құралдарын жеткізу ұйымдастырылған.

 

Abai.kz

0 пікір