Бейсен Ахметұлы. Төрттағанды билік. Бұл мүмкін бе?
Президенттік басқару түзімі өзінің артықшылығын да, кемшілігін де дәлелдей бастады. Мен соның қайсібіріне тоқталып көрейін: кейбір елдерде президент тұрақты болады, ешкім билікке таласа алмайды. Сол үшін басқа билік құмарлар тек ғана жағампаздық жолмен президентке ұнай қалса болды өседі. Ал өскен соң сол орынды сақтап тұру үшін өліп-талып президентке жақсы аттану керек. Президент нені ұнатса соны түсініп орындау керек, тіпті ол намысы тапталсада да қызметте қалт-құлт етіп жүре беруі керек. Президентте билік шексіз. Заңда сол үшін жұмыс жасайды, ал сол президент үшін жұмыс жасайтын заңды анау жағымпаздар өздері жасап ұсынып, президенттің өзіне қол қойдырады. Президенттен басқа жоғары қызыметтердің басшыларын президент тіке немесе ұсынуымен тағайындайтындықтан президенттен төменгілердің тірілігі тек жағымсу, жағымпаздану болып қалады. Бізде де мысалы, билік жүйесі топтаса отырып президентке жағу үшін жоспарлы түрде жұмыс жасап, сол тіріліктерін бизнеске айналдыруда.

Кей кездерде қаншама мықты мамандарды президентке кездестірмеудің жолын жасап жатқанын да байқайсың. Бәз біреулердің қылмысын ашып тастау немесе ашқызбау үшін президентке кездесудің жолын бөгейді. Тағдырын тәлкекке салады. Осының бәрі жекелеген топтардың мүддесін еселеу үшін жасалуда. Бұл өте қауіпті құбылыс, өйткені бір ғана топ өмір бойы президентке ықпал етіп отыратын күшке айналуы мүмкін. Тіпті әртүрлі тәсілдермен жолын кесіп отыруы да ықтимал. Бұл тура Мұса пайғамбар заманындағы Лұт қауымын еске түсіреді. Перғауын маңайындағы жандайшаптар мен жағымпаздар Перғауынды мақтап, жағампазданып ақыры пендешілік пен күпіршілікке бой ұрған Перғауын нәпсісін тыя алмағаны сондай, өзін Құдай сезіне бастайді. Тіпті жағампаздар Перғауынға «Сен - Қ ұдайсың» -дейді. Сөйтіп Құдайын ұмытқан Перғауын енді өзін Құдай санамайтындарды аяусыз жазалайды. Осындай бір жаза жорығында Мұса пайғамбар ниеттестерімен бірге Алланың құдыретімен теңізді қақ жарып қашқанда, Перғауынға Алланың қарғысы тиіп, судың астына келіп сәжде жасап жығылған кезде Перғауынның аузына құм құйылып, тасқа айналады. Сонда аса мейрімді, кешірімді Алла періштелерінен: «Ол(Перғауын) кәлима айтпақшы еді, неге аузына құм құясыңдар?» - деп сұрағанда, періштелер: «Ол кәлима айтуға лайықсыз» - деп жауап берген. Міне сол Лұт қауымының тірілігін жасап жатқан жағымпаздар біздің елде де жетеді.
Тегінде мақтау мен жағымпаздықты көтеріп жүру де оңай емес шығар. Бұл туралы Аяз бидің: «Аяз, әліңді біл, құмырысқа жолыңды біл» -деген сөзі бар. Аяз би өзінің қиыншылық кезде киген аяқ киімін есіктің маңдайшасына іліп қойып, соған қарап тәубесіне келетін болған. «Мақтау жаманды ұшырады, жақсыны пісіреді» деген - осы.
Халықтың да бағын байлап жүрміз
Осыншама жағымпаздар мен билік құмар топтардың ортасында жүрген Қазақ президенті шынымен мақтауға тұрарлық тұлға. Ағылшындарды таңдантып, орыстарды орнына қойып, түркілерді тік тұрғызған дипломатиялық саясатын Европа жұрналистері саяси тактика ретінде санап, «Нұрсұлтан Назарбаев - жаңа заманның жүгін ақыл-айласымен көтерген екінші Шыңғыс хан» - деп бағалапты. Бұл мақаланы мына сілтемеден оқи аласыздар: http://alekboyd.blogspot.fr/2012/09/kazakhstan-nazarbayev-genghis-khan.html
Президенттің арқа тірегі - тепкіні мықты халқы. Егер халқы тепкінсіз, бейшара болса, президенті жетім шалмен бірдей. Президенттің жалғыздығы, қасындағы біраз адамдардың нашарлығы, жігерсіздігі мен догымаға құмарлығы, қу құлқыннан аспаған имансыздардың ұждансыздығы, жағымпаздардың намыссыздығы, масондарға малай болғандардың сатқындығы халықтың да бағын байлап тұр.
Қазақ үшін бұл мәселелерді қалай шешкен жөн?
Қазақстан үшін президенттік билік - шексіз билік. Оны тосу керек. Оның жолы біреу ғана, ол: прламенттік басқару түзіміне көшу және қарулы күштердің бас қолбасшылық құзыретін жеке сақтап қалу. Оған халықтың саяси белесінділігін қосыңыз. Сонда билік төрттағандыболып шығады және президент пен парламент,үкімет және қарулы күштер өзара құқық бөліседі. Халықпен санаспауға амалдары қалмайды.Ал заңды тұрақтандыру керек. Бұндай түзім қазір Германия, Түркия, Қырғызстанда жүзеге асқан. Жапония мен Қытай билігі де осы негізде. Мұндай жүйде қабілетті адамдардың биліке жетуге мүмкіндігі де, орайыда өседі. Міне бұл халық алдында бедел мен дауыс жинау үшін билікке ұмтылатын топтардың арасында ашық бәсеке тудырады, әрине ол бәсекеден халық ұтпаса, ұтылмайды.
2013 жылдан бастап ауыл және аудан әкімдерін жергілікті халық өздері сайлайтын болып жатыр. Осы жерде бір айта кетерлігі, ауыл әкіміне таңдауды аудандық маслихат депутаттарының жасайтындықтары. Ал, аталған таңдау халықтың құқын шектеу екенін білген жөн. Бұл халықтың басылған мысын онанан арман таптап, тоналған жауапкершілік сезімін онанан арман езе түседі. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы болашақта осы парламенттік басқару түзімін іске асырып, тұрақтандырып кете алса, нағыз халық данасы ретінде АТАТҮРІК сынды ел жүрегінде қалар еді. Сол мүмкіндікті Нұр ағамыз пайдалана ма, пайдаланбай ма ол өз қолында. Өзінің саяси ерік-жігерінің шегінде. Меніңше, Елбасымыздың саяси реформалар мәселесінде батыл қадамдар жасайтын күндері алыс емес.
Ұрпағының ұлы болашағы үшін күресу - әр азаматтың ұлы мұраты!
Abai.kz