Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2774 9 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 15:28

Путин тағы сөйледі, сөйлегенде бүй деді

Ресей президенті Владимир Путин 7-желтоқсан күні Азаматтық қоңғамды дамыту және адам құқығы мәселесі бойынша кеңестің отырысына қатысты. Әрине, онлайн режимде. Путин соңғы бір жыл ішінде жзеке бас қауіпсіздігіне алаңдап, көптеген шараларда тек қана онлайн бас көрсетіп жүрген жайы бар. Себебі де түсінікті. 

Кеңестің атауы ғана адам құқығы мен азаматтық қоғңамға қатысты болды, ал талқыланған мәселе сол баяғы Донбасс, Украина соғысы, ойдан шығарылған Украинадағы нацизм мен озбыр Батыс аясында өрбіді. Ресей басшысы әдеттегідей кеңес алаңын өз мәлімдемелерін айту мақсатында қолданды.

"Арнайы операция өткізу аймағында әрине бірқатар мәселелер бар. Қазір де бар десек болады. Операция өткізіп жатқан аумақта кез келген сәтте түрлі мәселе пайда болуы ықтимал кандай мәселе туындауы мүмкін деген сұрақ аясында үнемі сараптама жасап отыру қажет.  

Мысалы ұрыс даласында өз позициясын тастап кететін жайттар болады. Украинада ол үшін бірден атып тастайды. Сапқа тұрғызып, жаппай атып тастаған жайттар аз емес. Оны барлығы біледі, бұл құпия ақпарат емес қой. Ал бізде әрине ондай жоқ. Бізде тіпті ешқандай да лагерь, арнайы жазалау аймақтары да жоқ. Тек осы тақырып аясында фек ақпараттар ғана бар. Бізде де ұрыс даласында өз позициясын тастап кететіндер болады. Бірақ қазір олардың саны өте аз. Бейбіт өмірден ұрыс даласына аттану оңай емес, адами тұрғыдан ондай жекелеген жайттарды түсінуге болады", - дейді Ресей басшысы.

Ресейде қосымша мобилизация жүруі мүмкін деген жаңалық желдей есіп жүр. Бұл туралы да Путин ақпарат берді. Былай дейді: "Енді болуы мүмкін мобилизация жайлы қауесеттерге жауап берсем. Бізде 300 мың адам мобилизацияланып, олардың 150 мыңы арнайы операция аймағына жіберілді. Олардың ішінде 77 мыңы майдан даласында жүр, ал қалғандары аумақтық қорғаныс құрамында немесе әлі де арнайы операция өтіп жатқан аймақтағы әскери қоймаларда, базаларда қызмет етуде.

Қалған 150 мың адам әлі де полигондарда жаттығып жатыр. Оларды әскери резерв деп атасақ дұрыс болатын шығар. Дәл осындай жағдайда бүгінгі күні қосымша мобилизация жүргізудің еш қажеттілігі жоқ".

Ол бұл соғыстағы жетістікті де атап өткен болды. "Арнайы операция өте ұзаққа созылуы мүмкін. Дегенмен бізде жаңа аймақтар пайда болды, бұл айтарлықтай нәтиже. Несін жасырамыз, Азов теңізі енді Ресей Федерациясының ішкі теңізіне айналды", - деді Путин.

Путин соғысқа Украинаның өзі кінәлі дейді. "Соғысты біз бастаған жоқ едік. 2014 жылы Украинада төңкеріс болып, соғыс отын Киев жақты. Украинада төңкеріс арқылы билікке Донбасстағы халықты тұншықтырушы күштер келді", - дейді ол.

Соңғы уақытта Украинадағы әскери жеңілістерден кейін Ресей басшысы ядролық қаруға қатысты бірнеше мәлімдеме жасап, тактикалық ядролық қару қолдану мүмкіндігін арттырған болатын. Алайда Батыстың ол мәлімдемелерге қатысты ескертпесі өте қатаң болды. Ал Путин кеше былай деді: "Біз есімізден адасқан жоқпыз, ядролық қарудың не екенін жақсы түсінеміз.  Біздің ядролық күштеріміз әлемдегі ең қуатты, бұл дәлелдеуді қажет етпейтін факт. Ядролық қаруды біз қорғаныс мақсатында ғана қолданамыз".

Осылайша Путин азаматтық қоғам мен адам құқығы талқылануға тиіс жиынды соғыс мәселесін талқы еткен отырысқа айналдырып, Батысты айыптап қалудың тағы бір мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Ка Мырза

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420