Асқар АҚТІЛЕУ. Қазақстандық фототілші берлиндіктердің мәселесін шешіп берді
Іскерлік тәжірибеден өтуге Германияға барған ақтөбелік делегаттардың бірі Берлин қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешіп берді. Бизнеспен қатар әуесқой суретке түсіруді серік еткен Асқар Сәдуақасовтың түсірілімдерінен соң, Германия астанасының басшылығы жарамсыз 144 автобусты алмастыру керек деп шешкен. Асқар Сәдуақасов 20 жылдан бері фотоаппаратты серік етіп келеді. Негізгі жұмысынан өзге, барған жерінде әрдайым суретке түсіруді жаны сүйеді. Алайда іскерлік сапармен Берлинде болған ол қала деңгейіндегі ауқымды мәселені шешіп беремін деп ойламаса керек. Бар қаруы - фотоаппаратымен, өздері тоқтаған қонақүй маңындағы өртеніп жатқан қоғамдық көлікті суретке түсіре берген.
- Кешкі сағат жетілер шамасы болатын. Біз аялдаған қонақүйдің маңында кішкентай балалардың айқайлаған дауыстары шыға бастады. Сөйтсек, бүлдіршіндер мінген автобус өртке оранып жатыр екен. Алайда құтқарушылар өзге адамдарды жақындатпай жатыр. Өрт сөндірушілер келіп, олар да өз тірліктерін жасап жатты. Алла, сәтін салғанда адам баласы зардап шекпеді, - дейді ол.
Кешқұрым жергілікті «Берлинер Цайтунг» корпорациясына қарасты басылымның редакциясына хабарласып, ғаламтор арқылы суреттерін жібереді. Үш күн қатарынан әлгі автобус жарылысы туралы мақалалар да жарыса жазылады. Бастысы, Берлин муниципалитеті жарылыстың автобустағы ақаудан болғанына көз жеткізеді.

Асқар Сәдуақасовтың айтуынша, мамыр айында да Берлин қаласында сыйымдылығы жоғары үлкен автобус өртке оранып, жарылған екен. Оның 20-ға тарта жолаушысы - негізінен, зейнеткерлер - апатты жағдай барысында жан тәсілім етеді. Автобусты босатып үлгермесе керек. Алайда мамандар техникалық ақаудың болмағанын айтып, бар кінә сөнбей қалған темекіден болған деген қорытындыға келеді.
- Алайда мен 70-ке жуық кадр түсірдім, берлиндік басылымның үш нөміріне қатарынан менің фотоларым жарық көрді, - дейді Асқар, - содан сарапшылар, зерттей келе, өрттің автобустың двигателінде тұтанып, салонға етек жайғанына көз жеткізді. Бұл жерде ешқандай темекіні сылтау ету мүмкін емес болатын. Бұл туралы неміс журналистері жарыса жазды.
Мамырдағы жолаушылар өлімі мен маусымда қайталанған өрттен соң, «Мерседес» компаниясынан сатып алынған «Бус-Ситара» маркалы 144 автобус ауыстырылатын болып шешілген. Сөйтіп, Берлин автопаркінің жағдайы реттелді. Сандарды сөйлетсек, бір автобустың құны - 300 мың еуро. Ал 144 автобустың бағасы теңгеге шаққанда 860 миллиардқа пара-пар.
Есесіне ондаған, бәлкім жүздеген адамның қауіпсіздігін қарапайым ақтөбеліктің шешіп бергендігі айтуға тұрарлық. Және бір ескерерлігі, ерлікке бергісіз еңбегі еленген кәсіпкерге Берлиннің жетекші басылымы 200 еуро көлемінде қаламақы тағайындапты. Бүгінде Асқар «Берлинер Цайтунг» корпорациясына қарасты «Берлинер Курьер» газетінің штаттан тыс фототілшісі атанып та келді. Тіпті оған кәсіби фотосуретшілердің сайысына қатысуға ұсыныс түскен. Елге оралған соң, селт еткізер фотоларын жинақтап, сайысқа жібермек ойы бар.
«Алаш айнасы» газеті, 11.08.2009