Болат Мүрсәлім. Алашорда. «Оян, қазақ!» (жалғасы)
1905 жылғы Петербургтегі «қанды жексенбіден» соң, Ресей патшасы ІІ Николай империяны конституциялық монархия үлгісімен басқаруға рескрипт жариялады. Патша халық алдында көптеген қоғамдық-саяси мəселелер бойынша бостандық беруге уəде етті. Ресей астанасынан басталған осы саяси өзгерістер Қазақ даласына да жаңаша леппен жеткен еді. Əлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялылары уəде етілген бостандықтарға орай, қазақ даласын ғасырлар бойы тұралатып келе жатқан мəселелерді шешуді қолға ала бастайды. Генерал- губернаторлар басқарып отырған 6 миллион қазақтың жағдайын үкіметтік деңгейде шешуге ықпал ету үшін ең əуелі, құрылғалы жатқан Думаға қазақтан депутат сайлау керек еді. Елдің түкпір-түкпірінен Ресей билігіне қазақ оқығандарының ұйымдастыруымен петициялар жазылып жатты.
Солардың ішінде Алаш қозғалысының бастауын-да тұрған Қарқаралы петициясы ерекше аталуға лайық. Қоянды жəрмеңкесінде 13 мыңға жуық азамат қол қойған петицияда дін істерін реттеу, отарлау саясатын тоқтату, қазақша газет, мектептер ашу сияқты талаптар қойылған. Кейіннен Əлихан өзінің естелігінде жазғандай, осы талаптарды үкіметке жеткізуші болуға тиіс қазақ депутаттарын сайлау мəселесі ең соңғы болса да, петицияның ішіне енді.

Ресейдің І жəне ІІ Думасына қазақ депу-таттарының сайлануы елдің рухы мен еңсесін ғана көтеріп қойған жоқ, оның зиялы қауымын саяси тұрғыда шыңдай түсті. Дума депутаттығына Əлихан Бөкейхан, Сəлімгерей Жантөрин, Алпысбай Қалменов, Бақтыгерей Құлманов, Дəуіт Ноян Тұндытов, Ахмет Бірімжанов, Шəймерден Қосшығұлов, Бақытжан Қаратаев, Тілеулі Алда-бергенов, Темірғали Нұрекенов, Молда Тайынов, Мұхаметжан Тынышпаевтар сайланды. Əрине, бірінен соң бірі таратылып кеткен І-ІІ Думада Бақытжан Қаратаевтан өзге ешкім мінберге шығып сөйлеп те үлгерген жоқ. Б.Қаратаев Ду-мада жер мəселесі жөнінде баяндама жасаған. Дегенмен, Думада үкіметке ықпал етудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Думадағы Мұсылман фракциясы мен қазақ халқына бүйрегі бұратын қайсыбір депутаттар Далалық аймақтың көптеген мəселелерін талқыға салуға өзінше үлес қосты. Ал,
1916 жылдың мамыр айынан бастап Ə.Бөкейхан Думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюрода тұрақты қызмет етеді. Сонымен қатар, Əлихан осы бюроға Түркістан атынан жұмыс істе-уге М.Шоқайды алдыруға ықпал жасайды. Ұлт зиялыларының қазақша газет-журнал ашып, кітап бастыруы да оңайға соққан жоқ. 1909 жылы Абайдың шығармалар жинағы, А.Байтұрсынұлының «Қырық мысалы», М.Дулатовтың «Оян, қазағы» шықты. Əсіресе, «Оян, қазақ!» ел ішінде қолдан-қолға өтіп, бұл кітап 1909-11 жыл-дар аралығында 3 рет қайта басылып шығады. Ал, патша өкіметі кітап авторы Міржақып Дулатовты өз шығармаларында Ресей саясатын сынағаны үшін абақтыға қамайды.
Міржақыпты қорғап, араша түсіп сөз жазған зиялылар қанша көп болғанымен, ол сөзді баса алған қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» қана еді. Өйткені, Мұхаметжан Сералиннің редакторлығымен шыққан «Айқаптан» өзге бұл шақта тұрақты басылым жоқ. Кейіннен ғана Орда мен Оралдан «Қазақстан» атты газет шығып тұрған. Оның 15 саны шыққан соң, жабылып қалды. Ал, 1913 жылы «Қазақ» газеті жарық көргенде қазақ баспасөзі жаңа сапалық биікке көтеріледі. Бұл газет Дала губернияларынан Пе-тербург, Варшава, Ташкент, Шəуешекке дейінгі аралықта сегіз мың данаға жете таралып тұрған.
«Газеттің бас эмблемасындағы киіз үйдің түңлігі Еуропа жағынан ашылуы қазақ даласына өнер-білім Еуропадан түскен сəуледен тарасын дегеніміз». Бөкейханов, Байтұрсынов пен Дулатов өздерінің ұстанымдарын осылайша білдірген-ді.
Бас мақаласын «Аталы жұртымыздың, аудан-ды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық» деп бастаған газет санаткерлік бағытта қызмет етті. Газет жетім баланың зарынан бастап, ұлттық автономия мəселесіне дейінгі барлық жалпыхалықтық дүниелерді ашық жазды. Газеттің 12-номерінде жарияланған Бөкейхановтың Шəкерім шежіресіне жазған рецензиясындағы «Алаш» ұраны, Алаша ханға қатысты жеке пікірінен соң, «Алаш» сөзі екі мақаланың бірінде айтылып, осы газет арқылы саяси айналымға тереңдей еніп кетеді. Осы газет арқылы Есенқұл, Тұрысбек Мамановтар «Қазақ романына» бəйге жариялады. Қажымұқан палуан дүниежүзінің чемпионы болғанда, алғашқы мақала басқан да осы газет еді.
1905-17 жылдар Алаш қозғалысының саяси сахнаға шығу, жалпыхалықтық сипат алу кезеңі болды. Бұл жылдарда алты облыстың қазағы өздерінің ұлт көсемдерін анық танитын болған. Қазақ ұлтшылдарының бұл толқыны «Шықсақ бір төбеде, өлсек бір шұқырда болайық» деп серт байласатындай азаматтық-патриоттық тұғырға көтерілген еді.
Əдебиеттер:
1. Озганбай О. Государственная Дума России и Казахстан (1905-1917 гг.). - Алматы, 2006. 320 с.
2. Қара Ə. Мұстафа Шоқай. Өмірі. Күресі. Шығармашылығы. - Алматы: «Арыс» баспасы,
2004. - 320 бет.
3. Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. - Алматы: «Ататек», 1995 жыл. 265 бет.
60. Мұхсен Бекметов.
61. Шəңгерей Бөкеев.
62. Барлыбек Сыртанов.
Верный. 1908 жыл.
63. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
64. «Қазақ» газетінің тілшілері.
Солдан оңға қарай: Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова, Гүлайым Балғынбаева. Орынбор. 1914 жыл.
65. Мəриям Сейдалина.
«Айқап» журналының корректоры.
66. Мұхаметжан Сералин.
67. Халел жəне оның екі жолдасы ел зиялыларының ортасында.
1905-06 жылдар.
68. С.Торайғыров (сол жақта) жəне Пазыл
Əбутəліпұлы.
«Айқап» журналының редакциясында жұмыс
істеген жылдары.
Троицк. Қараша, 1913 жыл.
70. С.Торайғыровтың сақталып қалған жалғыз қолтаңбасы.
Фотосурет сыртындағы жазу: «Інім Сайымжан Сералинге ұмытпастық үшін белгім.
«Айқап» секретары Сұлтанмахмұт Торайғыров. 1913 жыл. 25 ноябрьде». Троицк. 1913 жыл.
70. Қажымұқан.
(Жалғасы бар)
ABAI.KZ