Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық салымшысына
ҮНДЕУ
Елiмiзде соңғы кездерi "Бiртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры" төңiрегiнде қызу пiкiрталас толастамай тұр. Әртүрлi болжамдар мен алыпқашпа әңгiмелер талқылануда. Мемлекеттiк емес зейнетақы қорларымен келiсiмшарт жасасып, бiртұтас ЖЗҚ-ға салымдарын аударғысы келмейтiн салымшылар "Не iстеу керек?" деген сұраққа бас қатыра бастады. Бұл сауалды өзiме қойып жүргендер де көп. Осы сұраққа жауап ретiнде "Грантум" ЖЗҚ-ға бағытталған үндеуiмдi жариялаймын. Бұл үндеуде "Грантум" қорының салымшысы ретiнде бiртұтас ЖЗҚ-ға сенiмсiздiк бiлдiрiп, зейнетақы салымдарымды өзiмнiң жазбаша келiсiмiмсiз бiртұтас қорға аударуға қарсылық бiлдiремiн. Өз салымдарын бiртұтас ЖЗҚ-ға аударғысы келмейтiн өзге де жекеменшiк қорлардың салымшыларына осы үндеудi ұсынамын. Олар мұны ЖЗҚ-дағы өз салымдарын бiртұтас ЖЗҚ-ға аударуға тыйым салудың жазбаша үлгiсi ретiнде пайдалана алады. "Грантум" ЖЗҚ АҚ-ның басқарма төрағасы А.Г.Сычев мырзаға Осы қордың салымшысы А.Б.Әлiбаевтан
Құрметтi Алексей Геннадийұлы!

Мен "Грантум" жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысымын. ҚР-ның "ҚР-дағы зейнетақымен қамту туралы" заңына сәйкес, мен бәсекелестiк ортадан сiздiң қорды өзiм таңдап, өз еркiммен зейнетпен қамту туралы келiсiмшарт жасастым. Бiраз уақыт бұрын ҚР үкiметiнде мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының негiзiнде құрылатын бiртұтас ЖЗҚ құру идеясы қызу талқыланды. Сөйтiп, "Грантум" ЖЗҚ-дағы менiң салымдарым бiртұтас ЖЗҚ-ға аударылмақ. ҚР Азаматтық кодексiнiң 380-бабы 1-тармағына сәйкес, азаматтар келiсiмшарт жасасуға ерiктi. ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңының 23-бабы 2-тармағына сәйкес, зейнетақы шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтары салымшының жеке меншiгi болып есептеледi. ҚР Азаматтық кодексiнiң 188-бабына сәйкес, меншiк құқығы дегенiмiз - субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Бұл заңдар зейнетақы жарналары мен жинақтарына да қатысты. Түптеп келгенде, мемлекеттiң нұсқауынсыз-ақ "ГНПФ" АҚ-ны өз еркiммен жинақтаушы зейнетақы қорым ретiнде таңдауыма болар едi. Бiрақ осы уақытқа дейiн мұны қалаған емеспiн, қаламаймын да. Осы күнге дейiн ешкiм бiртұтас ЖЗҚ-ны құруға түрткi болған себеп пен салдарды түсiндiрiп, дәлелдеп әуре болмады. Әйтеуiр жекелеген зейнетақы қорлары немесе ондағы лауазымды тұлғалар ұрлық-қарлықпен айналысыпты дегендi емеурiнмен бiлдiредi. Сөйте тұра, мұнымен анығында кiм айналысқаны туралы тiс жармайды, кiнәлi адамдарға қатысты шығарылған сот актiлерiн де көрсетпейдi. Алдағы өзгерiстер қандай да бiр пайда әкеледi дегенге кепiлдiк беретiн дәлелдердi де алға тартпайды. Қазiргi табыстан гөрi жоғары кiрiстiлiкке қол жеткiзiледi дегенге де ешкiм ешқандай кепiлдiк берiп жатқан жоқ. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiне өзгерiстер енгiзудi былай қойғанда, осы өзгерiстердi енгiзу қажет пе деген сұрақтың өзi не қоғамда, не парламентте талқыланбады. Шамасы, талқыланбайтын да тәрiздi. Зейнетақы қорларының қызметiн реттеуге өкiлеттi тұлғалар ешқандай жауапкершiлiкке тартылмады (егер жаппай жымқыру болған болса). Мұның орнына бiзге зейнетақы жүйесiндегi бәсекелестiк ортасын жойып, кезектi, тиiмсiз супермонополист құруды ұсынды. Бұл супермонополист елдегi жұмысқа қабiлеттi халықтың ақшасына иелiк етiп, басқармақ. Осыларды саралай келе сiзден:
1. Зейнетақы салымдарымды өзiмнiң жазбаша рұқсатымсыз бiртұтас қорға (оның құрылтайшысы немесе акционерi кiм екенiне қарамастан) аударуға түбегейлi қарсы екенiмдi ескеруiңiздi сұраймын.
2. Зейнетақы қорлары нарығын заңсыз бөлiске салуға қатысуды қаламаймын, сiздiң қордың салымшысы болып қала бергiм келедi.
3. Қажет болса осы ұстанымымды өкiлеттi лауазымды тұлғаларға немесе өзге де мүдделi мемлекеттiк органдарға жеткiзуге құқылысыз.
4. Менiң зейнетақы салымдарымды сiздiң қордан өзге қорға мәжбүрлi түрде ауыстыру талап етiлген жағдайда, бұл ақпаратты тез арада менiң қаперiме жеткiзуiңiздi сұраймын. Айдар Әлiбаев.
«Жас Алаш» газеті