Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3982 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 05:02

Рүстем Қадыржанов: "Әліпби мәдениетті, діл мен дінді анықтайды"

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне ауысуы қызу талас тудыруда. Біреулер оны ұлттың әмбебап құтқарушысы көрсе, енді біреулер одан қазақтың болмысын құртатын бірден бір бәленің көзін көруде. Философия ғылымдарының докторы,ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының бас  ғылыми қызметкері,  Рүстем ҚАДЫРЖАНОВТЫҢ (суретте) бұл мәселе бойынша өз пікірі бар.

Кирилшемен жазатын қазақ орыстың ықпалынан шыға алмайды

- Рүстем Қазақбайұлы, әліпби қарпын бірінен екіншісіне ауыстыру шынында да оңай емес пе?

- Қарып ауыстырудың күрделілігін оны жүзеге асырушылардың өздері де жете ұқпауы мүмкін. Көпшілігі бұған техникалық жағынан қарап жүр. Қай әріппен жазғанда да, тіл бұрынғы болса - бәрібір емес пе. Шын мәнінде, бұл жерде бірнеше мәселе қабаттасып жатыр: дүниетаным, философиялық, әлеуметтік, таза тілдік және мәдени мәселелер. Әліпби ауыстырған елдердегі жағдайларды сараптасақ, мұның соңынан барынша терең өзгерістерді байқамау мүмкін емес. Тереңірек үңілсек, ол саяси революциямен, экономикалық формацияның өзгеруімен және басқа да қоғамда болатын түпкілікті өзгеріспен қатар болады.

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне ауысуы қызу талас тудыруда. Біреулер оны ұлттың әмбебап құтқарушысы көрсе, енді біреулер одан қазақтың болмысын құртатын бірден бір бәленің көзін көруде. Философия ғылымдарының докторы,ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының бас  ғылыми қызметкері,  Рүстем ҚАДЫРЖАНОВТЫҢ (суретте) бұл мәселе бойынша өз пікірі бар.

Кирилшемен жазатын қазақ орыстың ықпалынан шыға алмайды

- Рүстем Қазақбайұлы, әліпби қарпын бірінен екіншісіне ауыстыру шынында да оңай емес пе?

- Қарып ауыстырудың күрделілігін оны жүзеге асырушылардың өздері де жете ұқпауы мүмкін. Көпшілігі бұған техникалық жағынан қарап жүр. Қай әріппен жазғанда да, тіл бұрынғы болса - бәрібір емес пе. Шын мәнінде, бұл жерде бірнеше мәселе қабаттасып жатыр: дүниетаным, философиялық, әлеуметтік, таза тілдік және мәдени мәселелер. Әліпби ауыстырған елдердегі жағдайларды сараптасақ, мұның соңынан барынша терең өзгерістерді байқамау мүмкін емес. Тереңірек үңілсек, ол саяси революциямен, экономикалық формацияның өзгеруімен және басқа да қоғамда болатын түпкілікті өзгеріспен қатар болады.

Мысал келтірейін. Бір біріне аса жақын екі тіл бар - ұрду және хинди. Былай қарағанда бір тіл деуге болады. Бірақ мұсылман элита ұрду тіліне арап жазуын, ал үнді элитасы хинди үшін -  деванагари жазуын таңдады, бірдей осы тілде сөйлеген екі ұлыстың бір бірінен ажырағаны сондай, ақыры екі мемлекет құрды - Пәкстан мен Үндістан деген. Міне жазудың күші қайда?!  Оның маңызы - ұлттар арасындағы тіл секілді шекара болып табылады. Әліпбидің тұрқы мәдениетті, діл мен дінді анықтайды. Адам қалай ма, жоқ па, ол өзінің жазуы қай өркениетке жатса, соның арнасынан табылады. Бүгін қазақтар кирилшемен жазуда және орыс мәдениеті мен дәстүрінің ықпалында.  Латыншаға өту арқылы ол одан құтылады.

- Кейінге көз салсақ, қазақтар жазуды бірнеше рет өзгертті ғой...

- Қазақтар көшпелі болғасын өз жазуы болмады. Бірақ исламның таралуына қарай олар Құран оқу үшін арап тілін меңгеруіне тура келді.Өткен ғасыр басында қазақтардың  бір пайыздан төмен бөлігі ғана сауатты болды дегенде, орыстілді сауатты айтқан еді.Ал арап жазуын халықтың біраз бөлігі меңгергені мәлім. Алайда бәлшебектік билік исламнан қауіптене отырып және оның КСРО-дағы ықпалын азайту мақсатымен арап жазуын латыншаға ауыстырды. 1929-1940 жылдары қазақтар, өзбектер, әзербайжандар, қырғыздар мен татарлар соны қолданды. Кейінірек,  сәбет өкіметі орнап болған кезде, кирилшеге ауыстыра салды. Одан кері үдеріс одақтың ыдырауымен басталды: бірқатар елдер өз халқы үшін өткен шақ пен болашақ арасын сызып, латыншаға оралды.

Қазақстанда орыстардың көптігінен болар, ондай міндет алға қойылмады.Қазақтардың өздері де мейлінше орыстанған еді. Бірақ  сәбеттік мұрадан бәрібір бас тарту керек. Одан құтылудың бір жолы - әліпби ауыстыру. Былайша айтқанда, сана үшін ең әуелі экономика емес, мәдениет пен өркениет маңызды.

Әлем  Батыстың ықпалында өмір сүруде

- Бірақ ол қазақтарға өгей мәдениет қой.

- Иә, ол рас, қазақтар латыншаға өту арқылы бір жағынан алғанда батыстық болмысты бетке ұстауда. Бірақ бұл жерде мынадай нәрсе бар. Қазақ та, орыс та, және бүкіл әлем де әлдеқашан батыстық өркениет ықпалында. Айналамыздың бәрі де Батыстан келіп қалыптасуда. Байқамасақ та, біз батыстық дүниеде ғұмыр кешудеміз, оған ештеңе істей алмаймыз.

Бірақ жұрт өз тамырын ұмытқан жоқ, және де төлтума егжейлерін сақтауға ұмтылуда.Иероглифпен жазған жапондар мен кәрейлер  қытайдың мәдени кеңістігінен босау үшін, қытайлық болмыстан ажырау үшін өткен ғасырда өз жазуларын енгізді. Ал өз жазуын енгізбеген қазақтар өгей мәдени дәстүрге тіркесуге мәжбүр болды. Бірақ таңдау бар.Және де дұрысын таңдаған жөн. Латын қарпын бүгінде  әлемнің 80 пайызы қолданады, кирилшемен - екі жүздің он төрті ғана жазады. Латыншаға ауысу арқылы біз Батыс әлеміне өтуді аяқтайтын сықылдымыз.

- Егер елге жақсы қалау қажет болса, қазақтардың біршама бөлігі неге оны қабылдағысы келмейді?

- Өйткені, бұл - реформа, ал реформа ешқашан да теп-тегіс әрі сырқаусыз болмайды. Біреулерді ол міндетті түрде қанағаттандырмайды, туралап айтсақ, тіпті, кейбіреу зардап шегуі мүмкін. Менің қайран қалатыным - кейбір ұлтшылдардың ұстанымы. Олар тілдің жанашыры бола жүріп, кирилшеде қалғысы келеді. Латыншаға өтсек, жаппай сауатсыздық орын алады дейді. Жоққа шығармаймын - латыншаны меңгеруде қыйындық болады.Аздап арапша білген менің әжем әліпби ауысқанда сауатсыз болып қалды, және бұл оның жеке басының мәселесі еді. Кәзір де жекелеген адамдар сондайды бастан кешуі ықтимал. Бірақ ылғи да жазып жүрсеңіз, жарты жылдан соң жаңа әліпбиді игеріп кетесіз. Өзім қазақша латынмен еркін жазам  - Түркиедегі әріптестермен хат жазысып жүріп үйреніп алғам.

Өзбекстандағы латыншаға өту ешбір нәтиже бермеді дегенді айтады. Мәселе соншалықты сүреңсіз емес. Аға буын бұрынғыдай ескі әліпбиге мығым күйінде қалды, ал жастар тек қана жаңасын қолдануда. Осының кесірінен,әрине казустар  шығып жатады: кейбір газеттің атауы латыншада, ал мәтін- кирилшеде. Саясат өз алдына, газет таралымын сақтағысы келеді.

- Кейбір жазушылар былай дейді: ондаған жылдар бойы қыруар әдебиет кирилшеде жазылды, енді оларды не істейміз?

- Бар болғаны, латыншаға өту бір жағынан сүзгі болмақ: құндысы  - қалады, ал осалы мен қажетсізіне құтыламыз. Кеңес өкіметі жылдарында  көптеген өнеркәсіп тақырыбына романдар, партия мен көсемдерді мадақтаған жырлар жазылғаны рас қой. Бізге енді олардың керегі бар дей алмаймын. Іріктеу жасалады да, тек қана тарих үшін қажеттісі латыншаға аударылады.

Әліпбидің ауысуына көптеген орыстардың қарсы екенін де білем.Оларға не керек? Мемлекеттік тілді кейбіреулері болмаса - бәрі білмейді, қазақ әдебиетін оқымайды. Шамасы, түйсікпен қазақ тілі кирилшеде болғанда қазақтар мен қазақ мәдениеті ресейлік ықпалда екенін және содан жандары жай табатындай сезінсе керек. Бірақ сонша сасатындай ештеңе жоқ: кирилше бір күнде жоқ болмайды. Екі әліпби ұзақ уақыт қатар қолданылатын болар. Сонымен бірге латын рөлі арта түсіп, кирилшенің қауқары кеми береді.

 

Бір қарыптен екіншісіне өту - революциямен бірдей

- Латыншаға өту технологиялық жағынан көп нәрсеге қол жеткізеді дейді.

- Мен бұл жерде қай жазудың да артықшылығын көріп тұрған жоқпын. Латыншаға ауысудағы басты нәрсе, мәдени  кеңістікте жатыр. Қазақтарға реформа  сәбеттік мәдениеттен қол үзу үшін қажет. Басқа жағынан алсақ, латынша қазақтарды біріктіреді. Әлгінде тілдің ұлттар арасындағы шекара екенін айттым ғой. Егер Эстонияда ол шекара эстондар мен басқа халықтар арасында жатса, ал бізде қазақтардың арасында орнығып қалған. Өйткені олардың жартысына жуығы орыс тілін қолданады.

Латыншаға ауысу - әлгі шекараны өзінің табиғи орнына қондырудың бір тәсілі.

- Осындай ірі реформаны жүргізу үшін уақыт дұрыс таңдалып отыр ма?

- Бұл жайында қазақтардың арасында да талас бар. Латыншаны жақтаушылар: «Тезірек өтейік, біз онсыз да жиырма жылды жоғалттық» деуде. Ал қарсылары абайлап қана: «Латынша керек шығар, бірақ қазір емес...» дейді. Ауысудың уақыты мен қарқынын бәрібір мемлекет анықтайды. Бірақ қызбаланудың керегі жоқ. Ол үшін сауаттылар керек - мен лексикалық байлықты латыншаға дұрыстап аударатын мамандарды айтып отырмын. Бәлкім, бұл жұмысқа өзара ұғысу үшін өзге түркі халықтары да тартылуы мүмкін.

Орысшадан аударған - С.Әбдірешұлы.

http://megapolis.kz/art/Rustem_KADIRZhANOV_Pereydya#.UTCmUonz6YE.facebook

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321