Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6072 0 пікір 6 Наурыз, 2013 сағат 11:12

Бір қолмен бесік тербетіп, екінші қолмен... арақ ішеміз

... Үндістандағы Думуркота елді мекенінде алкогольді сусынға сылқия тойып, мас болып қалған 50 піл деревня­­­ның тас-талқанын шығарған: үйлерді ойрандап, егістік алқаптарын жайпаған, оларды тоқтатуға тіпті полиция күштері шақырылды. Полицейлер оларды әрең дегенде тоқтатыпты. Ататынын атып, шалатынын шалып...

Пілдерді қоя тұрып, мына оқиғаға қараңыз: 14 ақпан күні Алматы облысының Үштөбе қаласында туған анасы өзінің екі айлық баласын қылқындырып өлтірді. Ол өзінің азаматтық некедегі күйеуімен спирттік ішімдік ішкен, мазасызданып жылаған баланың дауысы араққа ықылық ата тойған әйелдің жүйкесіне тиген соң, ол сәбиін тұншықтырып өлтіріп тастап, көңілді отырысын әрі қарай жалғастыра беріпті...

Бұл нағыз сұмдық оқиға болды. Бүгінгі біздің қыз-келіншектеріміздің жеткен жері осы болса не шара?!.

 

... Үндістандағы Думуркота елді мекенінде алкогольді сусынға сылқия тойып, мас болып қалған 50 піл деревня­­­ның тас-талқанын шығарған: үйлерді ойрандап, егістік алқаптарын жайпаған, оларды тоқтатуға тіпті полиция күштері шақырылды. Полицейлер оларды әрең дегенде тоқтатыпты. Ататынын атып, шалатынын шалып...

Пілдерді қоя тұрып, мына оқиғаға қараңыз: 14 ақпан күні Алматы облысының Үштөбе қаласында туған анасы өзінің екі айлық баласын қылқындырып өлтірді. Ол өзінің азаматтық некедегі күйеуімен спирттік ішімдік ішкен, мазасызданып жылаған баланың дауысы араққа ықылық ата тойған әйелдің жүйкесіне тиген соң, ол сәбиін тұншықтырып өлтіріп тастап, көңілді отырысын әрі қарай жалғастыра беріпті...

Бұл нағыз сұмдық оқиға болды. Бүгінгі біздің қыз-келіншектеріміздің жеткен жері осы болса не шара?!.

 

Елімізде 30 мыңға жуық маскүнем әйел бар

Иә, қазір қазақтың қызы да, әйелі де арақ-ша­рап ішетін болды. Ол жаңалық болудан қал­ға­лы қашан...  Ал бұл тақырыптың тым жиі ай­ты­­­ла­­тыны соншалықты - ол туралы әңгіме ішім­­­­дік ішетін әйелдерден де жиіркенішті бола­тын деңгейге жетті. Алайда әйел маскүнемдігі ұлт­­тық деңгейдегі қасірет екендігін ұмытпауы­мыз керек.

Қазір Қазақстан әлем бойынша ішімдікті көп ішетін 188 елдің қатарында 34-ші орында тұр. Статистикалық деректерге қарағанда, Орта­лық Азиядағы ең «ішкіш» ел - Қазақстан. Елімізде жан басына шаққанда әр адам жылына 12 литр алкоголь өнімін пайдаланады. Ал әлем­­дік көрсеткіштер бойынша азаматтар жы­лына 6 литрден астам спирт пайдалан­ған ел дегра­­дацияға ұшырайды екен. Елімізде жарты мил­лион­ға жуық адам алкогольді ішімдіктің уысы­на түсіп, уын ішіп жүр. Бұлардың ортасын­да әйелдер ойып тұрып орын алады. Иә, бір қо­лымен баласының арбасын сүйреп бара жа­тып, екінші қолымен сыра іше беретін болдық. Біз мұндай күйге қалай жеттік?

Мамандардың айтуынша, қазір маскүнем күйеуі­мен алысып, соны емдетемін деп жүрген әйел­дердің саны азайған. Бұл - ерлер аз ішетін бол­ды деген сөз емес, әйелдер күресуді қойған, күйеу­лерімен бірге ішеді деген сөз.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, әйелдер­дің спиртті ішімдікке тым үйір болуы 90-жыл­дардың басында байқалыпты. Еркек қара ба­қыр таппай үйде отырып қалғанда әйел базарға шығып, ақша тауып, өзі би, өзі қожа болып, ақыры алдымен «бойын жылыту үшін», кейін «кө­ңіл көтеру үшін», «стрестен құтылу үшін» ішті. Қазір енді ер әйелін наркологиялық дис­пан­­серге сүйреп апаратындай жағдайға жеттік. Бұл күндері ер адамдардың дәрігерге «әйелімді маскүнемдіктен емдеп беріңізші» деп жалына­тын оқиғалары жиілепті.

Көше-көшеде, қуыс-қуыста бет-ауыздары домбығып ісіп, үсті-басы сасып, көзінің асты кө­геріп жүретін әйелдерді көргенде аяйсың әрі жиіркенесің. Кафе-мейрамханаларда темекісін бұрқыратып, сыраға тойып, ықылық атып оты­ра­тын уыздай жап-жас қыздардың саны да кө­бейіп барады. Сыраны алкогольді ішімдік емес деп өзімізді өзіміз алдап қойдық. Қызымыз үй­ге аузы­нан иіс шығып келсе, «е-е, сыра ішкен екен ғой» деп, «әйтеуір, арақ емес екеніне» тәу­бе дейміз. Ол аз болса, алпыстан асып, жет­піске қарай кетіп бара жатқан әжелеріміз бен аталарымыз бір-бірін сүйеп, арақ ішіп жүретін ауыл­дар бар. Мұн­дай үйлердің берекесі де, ме­рекесі де жоқ.

Баласы мен келіні әке-шешесінің мас­күнемдігі кесірінен бір-бірінен ұялып, ұр­сысып, жан-жаққа тарап кеткен балалары «әке үйі» дегенде кежегесі кейін тартып тұратын жағдайлар да кездеседі.

Маскүнемдік - ауыр дерт. Әлем елдері бұл дертті тоқтатудың түрлі амалдарын ой­лап тапқанымен, маскүнемдік ауыздыққа ырық берер емес. Әсіресе соңғы жылдары әйел­дер маскүнемдігі белең алып бара жат­қан көрінеді. Елімізде ішімдікке салын­ған 30 мыңға жуық әйел бар екен. Мүмкін, бұл аса көп те емес шығар. Алайда статис­ти­каның нақты көрсеткіш емес екені, ішкен адамның барлығының «мені емдеңіз» деп дәрігерлердің алдына бара бермейтінін ескеру керек.

Қазақ әйелі «мен ішіп кеттім» деп дәрі­гердің алдына бармайды. Себебі ұялады. Ел-жұртқа қарабет боламын деп ойлайды. Әрі жұмысқа тұрғанда оның құжаттары «мінсіз» болуы үшін «сырын» жұртқа жай­мау­ға тырысады. Ал әбден ағзаға дендеп еніп, ішімдікпен өзі күресе алмай­тын жағ­дайға жеткенде дәрігердің алдына баруға тура келеді.

Балзада МҰРЗАТІЛЕУОВА, Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансердің меңгерушісі:

- Қазіргі уақытта диспансерде 10 159 адам диспансерлік тіркеуде тұр. Соның 7859-ы - ішімдікпен достасқандар. Осы­ның ішінде 1111-і - ішімдікке салынған әйел­­дер. Әрине, салыстырмалы түрде ал­ған­­да маскүнем әйелдердің саны ерлерден ана­ғұр­лым аз. Бірақ аз екен, ештеңе етпес деу­ге болмайды. Бір әйел маскүнемдікке салын­са, дабыл қағуымыз керек. Себебі әйел - отбасының ұйытқысы.  ӘЙЕЛ АЗСА, ҰЛТ АЗАДЫ. Жақында бір әйел маскүнем­дікке салынған жасы 50-ден асқан үлкен ана­ны алып келді. «Емдеңіздерші» деп жа­лын­ды. Тағы бірде, бір әйел бет-аузы әбден домбығып ісіп, қаңғыбас болып кеткен бір әйел­ді ертіп келді: «Кезінде ініміз қайтыс болғанда, оның келіншегі жас болған соң өмірін әрі қарай жалғастырсын, тағы да отбасын құрып, жақсы болып кетсін деп рұқ­сатымызды берген болатынбыз. Келіні­міз басқа адамға тұрмысқа шықты. Біраз уа­қыттан кейін оның күйеуінен ажырасып, ішкі­лікке салынып кеткенін естідік. Мынау - менің келінім. Қаңғып, арақ ішіп жүрген жерін­ен тауып әкеліп тұрмын. Қандай адам бол­са да, менің бауырымның жалғыз сүй­ген әйелі ғой. Осыны емдеңіздерші, адам болып, қатарға қосылып кетсе, інім де ана дүниеде тыныш жатар еді», - деп кетті. Кей­де әйелдер алдыма келіп, «менің ем­дел­­гім келеді» деп еңірегенде етегі жасқа то­ла­ды. Қырық күнде осындай қырық түрлі тағ­дырмен бетпе-бет келіп жатамыз.

Маскүнем әйел ұлттың түбіне жетпей ме?

Дәрігердің айтуынша, қазір статистика көрсетіп отырғандай, 35-тен асқан азамат­тар арасында ішімдікке әуестік деңгейі жоғары болып отыр. Жасы үлкен азаматтар ара­сында да ішкілікке құмарлар баршы­лық. Соңғы үш жылда алкогольді қабылда­ған жасөспірімдер саны екі есе көбейген. Бұ­лардың дені - әке-шешесі маскүнем­дікке салын­ған балалар.

Маскүнемнің балалары көбіне ауру, кеміс, ақыл-есі кем болып туады екен. Мына статистикаға қараңыз: ішкілікті аз да бол­са ішетін әйелдердің өмірге әкелетін сәби­лерінің 80-90 пайызы әлсіз болады, олар болашақта психикалық қиындық­тар­ға ұшырайды, сөйлеу мүшелерінде кемістік бай­қалып, терісінде түрлі аурулар болады екен. 40-50 пайызының жыныстық мүше­ле­рінде кемістік байқалып, аяқ-қолының саусақтары қисық болып жаратылады. Ал 20-30 пайызында балалар жүрек ауруына шал­дығып, көру қабілеті төмен, 10 пайы­зының бүйрегі толық жасамайтын күйінде өмірге келеді. Сыра ішетін әйелдің ішіндегі баланың миына зақым келеді екен. Сыра демекші, қазір «өмірімде арақ ішіп көрген жоқ­пын» деп мақтанып, күніге кем дегенде бір-екі саптыаяқ сыра сіміруді әдетке айнал­дыр­ған әйелдер бар. Алайда жарты литр сыра­ның 50 грамм арақпен тең екенін біле бер­мейміз. ХІХ ғасырда ағылшындар қуа­ты жоғары ішімдіктермен күресу үшін олар­ды жеңілдеу деп саналатын сырамен ауыс­тыруды мақсат еткен. Алайда халық­тың сырамен тез дос болып, жағдайдың бұрынғыдан да ушығып кеткендігі соншалық - қазір оны шығарған елдің өзі сырамен күресіп әуре болып отыр.

- Сыраны көп ішкен адамның бүйрегі, бауыры, жүйке жүйесі, асқазаны, өт жол­дары ауырады. Бауыры, бүйрегі ісініп, адам­ның іші қампиып кетеді. Одан соң жү­ре­гі ауырады. Сыраның құрамындағы кө­мір­қышқыл газы қан тамырларына күш тү­сіре­ді. Қан тамырларына күш түскесін жү­рек­тің қызмет етуі нашарлап, еті босап, ісініп, сырты үлбіреп кетеді. Мұны дәрігер­лер «жүректің сыра синдромы», кейде «жү­ректің капрон шұлыққа айналуы» деп атай­ды. Сыраны көп ішетін әйелдердің әйел сиқы қалмайды, дене тұрқы ерлерді­кін­дей болып өзгеріп, кейбір әйелдерде тіпті мұрт шығатын болады. Арақ-шарап іше­тін қыз-келіншектер арасында кеуде безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер жиі кездеседі, - дейді мамандар.

Әйелдер ерлерге қарағанда арақтың ырқына тез көнеді. Ерлер бес-алты жыл ішкеннен кейін араққа салынып кететін болса, әйелдерге екі-үш жыл жеткілікті екен. Себебі ер адамның ағзасында спиртті ішімдіктің зардаптарынан сақтандыратын ферменттер асқазан мен бауырда болса, әйелдерде тек қана бауырда ғана болады екен. Әйелдердің тез маскүнем болатыны, бірақ өте қиын емделетіні содан болса керек. Наркологтердің айтуынша, бұрын 3-4 жыл бойы алкогольді ішімдік ішкен адам­дарға созылмалы маскүнемдік диаг­но­зы қойылатын болса, қазір адамдардың бір жылдың ішінде араққа тәуелді болып қалу жағдайлары жиі кездеседі екен.

«Арақ - барлық кесапаттың, қайғы-қа­сі­­рет­тің бастауы, барлық жамандықтың кіл­ті» дейді діни кітаптарда. Бұл «кілтті» әйел­дің қо­лына беріп қойғанымыз ұлтқа жа­мандық­тың есігін ашып бергеніміз бол­са керек.

Соңғы бес жылда елімізде адамдар ал­ко­голь­дік ішімдік ішіп, мас күйінде жасаған қыл­мыстар саны екі есеге артып кеткен - 13 мыңнан астам қылмыс жасалыпты! Спирт­­ті ішімдік ішкендердің қолынан үш мың­нан астам адам қаза тапқан. Ішіп алып, көлік руліне отырған жүргізушілердің кесірінен 500-ге жуық адамның өмірі қиылып, 2500 адам жарақат алған. Тағы мың­даған ана ішкіліктің салдарынан ана­лық құқынан айырылып, он мыңдаған баланы жетімдер үйіне тапсырды.

Ал облыста өткен жылы ішімдік салда­рынан 960 қылмыс орын алыпты. Биыл жыл басынан бері 79 қылмыс жасалып үл­герген.

Елдегі маскүнемдік дертінің ушығып тұрғанын меңзеген Мәжіліс депутаты Ерген Дошаев онымен күресудің ең тиімді тәсілі - экономикалық шараларды күшейту екендігін айтады. Яғни арақ өнімдеріне акциз ставкаларын көтеру қажет деген пікірін айтып жүр. Алайда мұнымен мәселе толық шешілсе, қане?!.

 

 

P.S.

... Иә, сонымен жоғарыда айтқан пілдер тақырыбына орала­йық. Араққа сылқия тойған 50 піл деревняның тас-талқанын шығарған дедік. Ал мас адам мен мас жануардың ешқандай айырмашылығы жоқ екендігін ескерсек, маскүнем әйелдің көбеюі жалғыз ғана «деревняның» емес, тұтас ұлттың тас-талқанын шығаруы мүмкін...

Автор: Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ, Ақтөбе облысы

"Алаш айнасы" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364