Жұма, 22 Қараша 2024
2492 7 пікір 28 Желтоқсан, 2022 сағат 14:24

Депутаттар: "Қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасағысы келген кімдер?"

Мәжіліс депутаттары Бас прокурордан қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендердің кім екенін бүкпесіз айтуын талап етті.

“Бүкіл елді дүр сілкіндірген «Қасіретті қаңтар» оқиғасына 1 жыл болды. Сол күндері халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығы мен мызғымас егемендігіне зор қауіп төнді. Қаңтарлы күндерде Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жан-жүрегімізбен сезіндік.

Қаңтардың басы Маңғыстауда өріс алғаны белгілі. Оқиға сұйытылған газ бағасын төмендету керек деген ұранмен басталды. Басында бейбіт түрде басталған шеруді арандатушы топтар пайдаланып, оның соңы ірі қалаларда тәртіпсіздік пен қайғылы оқиғаларға ұласты.

Олар сатқындық жасап, Мемлекет басшысына елдегі ахуал туралы жалған ақпараттар берді. Іштен шыққан жаулар, мұқият ойластырылған ауқымды операцияда, кәсіби дайындықтан өткен баскесер-содырларды еш тартынбастан пайдаланды. Ірі шаһарымыз аяулы Алматы мен кейбір қалаларымызда ұрыстар орын алды.Ең сұмдығы ішкі және сыртқы жауларымыз біріге қылмыстық қимыл жасап, билікке қарсы қолдарынан келгенін істеді. Олар мемлекеттік органдарға, стратегиялық нысандарға, қару-жарақ дүкендері мен бизнеске тиесілі ғимараттарға аяусыз шабуылдар ұйымдастырды. Шын мәнінде, бұл елдік пен мемлекетімізге төнген аса қауіпті сын-қатер еді”, – делінген депутаттардың Бас прокуратураға жолдаған хатында.

Бұған дейін «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы Бас прокурорға депутаттық сауал жолдаған болатын.

“Ол сауалға Парламентте арнайы жауап берілді. Шындығын айтқанда, Мәжіліс төрінде мемлекеттік төңкеріске итермелеген оқиғаны мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы есеп беріп, бәрі ашық айтылды. Сол кезде бірінші рет қайтыс болған 238 адамның тізімі мен 3 мыңнан астам қарудың ұрланғаны хабардар етілді. Қоғамды мазалаған сұрақтарды бүкпесіз қойдық. Біріне жауап алсақ, енді кейбіріне тергеу амалдарынан соң нақты жауап айтылады делінді”, – дейді депутаттар.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313