Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3265 6 пікір 4 Қаңтар, 2023 сағат 13:53

Макеевкада Ресей әскері қырылып қалды

Ресей қорғаныс министрлігі 1 қаңтарда Донецк облысы Макеевка елдімекені маңындағы казармаға Украина жасаған шабуылдан 63 әскери қаза тапқанын растады. Мәскеу шабуыл HIMARS кешенінен жасалғанын айтады.

Бұған дейін кремлшіл телеграм каналдар Макеевкаға шабуылдан Ресейдің жүздеген әскериі қаза тапқанын жазған еді.

Ал Украина әскерінің стратегиялық коммуникация басқармасы телеграм каналында шабуылдан Ресейдің 400 әскериі қаза тауып, 300 әскери жараланғанын хабарлаған.

Донбасстағы сепаратистердің қарулы күштерінің экс басшысы Игорь Стрелков (Гиркин) "жүздеген адамның қаза тауып я жараланғанын" жазды. Оның сөзінше, қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты санын қазір айту қиын, себебі көбі іздестіріліп жатыр.

Украиналық каналдар Макеевкадағы казармада Самар облысынан мобилизацияланғандар болғанын жазады.

ТАСС агенттігі ресейлік әскерилер жаңа жыл түні ұялы телефон қолданғандықтан украиналық әскерилер олардың отырған жерін тауып алған деп жазады.

Ресей соғыс басталғалы алғаш рет осыншама көлемде әскериінен айырылғанын мойындады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 931
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2416
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 624