Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2611 0 пікір 11 Наурыз, 2013 сағат 06:27

Боның соңғы тұяғы

Boa Sr есімді (суретте) Бо ұлтының ең соңғы адамы 2010 жылы 85 жасында дүние салыпты. Сөйтіп, жер шарындағы ең байырғы ұлттың бірі саналатын, 65 000 жылдық тарихы бар Бо ұлты мен оның 50 000 адамға дейін сөйлеген тілі жойылды.

Үнді мұхитының Andaman деген аралында тұратын Boa Sr тірі кезінде Бо ұлтының тілінде ән салады екен. Бірақ оны түсінетін ешкім қалмапты. Бейне бір бөгде ғаламшарлықтың тілінде сөйлегендей бейшара кейуана қатты жалғыздық кешіпті.

Замананың артында қалып, уақыты өткен дәстүрге табандап жатып алған, жаңалықтан аулақ қашқан ұлт қанша ұзақ тарихы болса да, ата-бабасы қанша мықты болса да жойылудан қашып құтыла алмайды. Жойылмаймын десең, тамырыңнан ажырамаған күйде заманға сай қайта түлеп жаңарып, жасарып отыруың шарт. Басқа амал жоқ!

Haydar Alphy есімді фейсбук әлеуметтік желісі қолданушысының парақшасынан алынды

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387