Қаңтар оқиғасы: 1095 адамға рақымшылық жасалды
ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың мәліметінше, Қаңтар оқиғасынан кейін 1 095 адамға рақымшылық жасалды.
«Жалпы, қаңтар оқиғасы бойынша соттар 1 221 адамға қатысты істі қарады, соның арасында 1 205 адам сотталды. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында рақымшылық жасау туралы атап өтті. Осы орайда «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданды. Заң аясында арандатушылардың айтқанына көніп, жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыс жасағандар жазадан босатылды. Рақымшылық 1 095 адамға қолданылды», - деді Б. Асылов.
Осы орайда ол сот ауыр қылмыстар үшін сотталған 1 001 адамның жаза мерзімін қысқартқанын айтты.
Бас прокуратура арнайы прокурорлық топ аясында 720 қылмыстық іс бойынша тергеу өткізді. Тергеу барысында ұсталған 25 тұлға экстремистік топтардың қатысушысы, 42 ҰҚТ қатысушысы, 8 бүлдіргіш діни ағымдардың жақтаушысы, тағы 126 тұлға бұрын кісі өлтіру, тонау және ұрлыққа қатысты айыпталып, сотталғандығы анықталды.
Abai.kz