Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2648 0 пікір 5 Қаңтар, 2023 сағат 18:31

Мемлекет басшысының ерік-жігері мен ел ынтымағы төңкерістің алдын алды – Қошанов

Бүгін Мәжілісте депутаттар өткен жылдың қаңтар айында болған қайғылы оқиғаларға қатысты Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын екінші рет тыңдады.

Бұл «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына ауызша жауап болды. Отырыс Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өз сөзінде депутаттарға Қаңтар оқиғасы билікті басып алудың мұқият жоспарланған әрекеті екенін анық дәлелдейтін фактілер ұсынылғанын атап өтті. Ал оны ұйымдастырушылар адамдарды және бейбіт митингілерді пайдаланып кетті.
– Бұл, ашығын айтқанда, Тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын! Бірақ Президентіміздің ерік-жігері, халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігі, қатардағы полицейлердің, дәрігерлердің, еріктілердің ерлігі арқасында біз мемлекеттігімізді қорғап, бейберекетсіздікке жол бермедік, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы Қаңтар оқиғасы туралы ақпаратты қасақана бұрмалауға мүдделі топтардың ел ішінде де, сыртында да бар екенін атап өтті.
– Бірлігімізге балта шапқысы келетін, елдігімізге сына қаққысы келетін реваншистік күштер аз емес. Осыны ұмытпайық. Халықтың әділетті Қазақстанға деген үміті оянып, сенімі артып келеді. Баршамыздың алдымызда бұрынғыдан да маңызды, зор міндеттер тұр. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолға алған реформаларды іске асыру жолында тас-түйін ұйысуға тиіспіз, – деді Ерлан Қошанов.

Отырыс соңында Мәжіліс Төрағасы Қаңтар оқиғасының болашақта қайталанбауы үшін сабақ алу маңызды екенін айтты.
Жалпы отырыста Бас прокурор, Ішкі істер министрі, қоғам белсенділері мен Мәжіліс депутаттары сөз сөйледі. Сонымен қатар оқиғаның бел ортасында болып, сол күндердің тікелей куәгерлері – полиция қызметкерлері, дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер де пікірімен бөлісті.
Үкімет мүшелері Қаңтар оқиғасының қайталануын болдырмау мақсатымен мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Жиын республикалық телеарна мен интернет арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Жалпы отырыс алдында тергеу барысында табылған қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ көрмеге тәртіпсіздік кезінде полицейлердің бүлінген киімдері – қалқандар, бас киімдер, оқ өткізбейтін кеудешелер қойылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371