"Дикий Арман" әлі қамауда болады
Арман Жұмагелдиевті (Дикий Арман) қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, ол былтыр 7 қаңтарда ұсталды. Бас прокурор Берік Асылов кеше Мәжіліс отырысында мәлім еткендей, тергеу нұсқасы бойынша қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда Жұмагелдиев (Дикий Арман) ерекше рөл атқарған», оның әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестіргені анықталды.
Abai.kz