Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2389 0 пікір 11 Наурыз, 2013 сағат 12:50

Ақтауда АЭС салуға халық жол бермеуге тиiс

Жиырма жыл бұрын көтерiлген мәселе, яғни Қазақстанда Атом электр стансасын (АЭС) салу түбегейлi шешiмiн тапқан сыңайлы. Билiк ел-жұрттың пiкiрi мен қарсылығына қарамастан, атың өшкiр стансаны Ақтау­да салмақ. АЭС-тiң залалы мен зауалы жайында талай айтылып, жазылды да. Әйтсе де, билiк әзiрге алған бетiнен қайтар ыңғай танытар емес.

Қазақ елiнiң шығысы, сол­түстiгi мен орталық аймақтары полигонның, ал оңтүстiгi уранның зардабынан бүгiнге дейiн көз ашпай отыр. Экологиялық апатты аймақтарға жататын бұл өңiрлерде емi жоқ дертке шалдыққандар, кемтар ба­ла-шаға мен түсiк тастаған аналардың саны артпаса кемiген емес. Соған қарамастан, бiздiң билiктегiлер АЭС саламыз деп әлдекiмнiң сойылын соғуды тоқтатар емес. Бар айтар сылтауы - электр қуатының тапшылығын болдырмау мақсатында станса салмақ. Ең қауiп­тiсi сол, бiздегi АЭС-тi ре­сей­лiк мамандар салады. Бiрiншi­ден, бұл - қып-қызыл шығын. Ал екiншiден, ресей­лiктерге АЭС салғызудан бас тартқан қаншама мемлекет бар. Кезiнде Венесуэла прези­дентi марқұм Уго Чавес ресейлiк атом энергиясынан бас тартатынын мәлiм­деген-дi. Ол АЭС-тен халыққа төнетiн қауiптiң тым жоғары екенiн айтып, үзiлдi-кесiлдi қарсы тұрған едi. Сонда ресейлiк атомнан бас тарт­қандар ақымақ та, қазақ билiгiндегiлер тым ақылды болғаны ма?

Павлодар облысы, Май ауданына iссапармен барғанымызда, сұмдық көрiнiстер­ге куә болып едiк. Ол туралы "Жас Алашта" "Қырық жыл қызын арқалаған ана" атты мақала да жарияланды. 62 жылдан берi ядролық полигонның азабын тартқан осы аудандағы Ақжар ауы­лында талай қазақтың баласы кемтарлықтың қасiретiн тартып, қоғамнан тыс күн кешуде. Жарты ғасырдан астам уақыт iшiнде, қаннан қанға өтiп уын таратқан полигонның зардабы әлi қанша ұрпақты улайтыны белгiсiз. Осыдан кейiн қазақ жерiнде АЭС саламыз деуге қақымыз бар ма?

Болат ӘБIЛЕВ, саясаткер:

- Қазақстанда АЭС салу - таза саяси астарлы мәселе деп бiлемiн. Атом электр стансасы бiзге емес, Ресейге қажет. Ресейде энергия тапшылығы күн өткен сайын артуда. Қазақстанда электр энер­гиясының жетiспеушiлiгi бар ма? Әрине, жоқ. Осыған қа­ра­мастан, билiктiң ендi АЭС-тi Ақтауда салуға бекiнiп отырғаны қисынсыз. Сондықтан бұл мәселеге қарсылық танытып, халық болып үн қатуымыз керек. Алдағы болатын Жалпыхалықтық референдумның негiзгi тақырыптарының бiрi де осы АЭС-ке қатысты. Осы референдумда қазақстандықтар елiмiз­де АЭС салуға түбегейлi қар­сылық танытып, билiкке өздерiнiң талаптарын қоюға тиiс деп санаймын. Әлдебiр школьниктер мен басқа да ресейлiк мүд­деге қызмет ету­шiлер мен оны жақтаушыларға тойтарыс беретiн сәт келдi.

Қасым АМАНЖОЛ, журналист:

- Ақтауда АЭС салуға тү­бе­гейлi қарсымын. Бiрақ ең өкiнiштiсi - бiздiң қарсылығымыздың жүйелi iске, табанды әрекетке ұласа алмай отырғаны. Оппозициялық күштердегi бiрлiктiң әлсiз­дiгi, жауапкершiлiктi сезiн­беу, немқұрайдылық... Осыны әбден мең­герген би­лiк өз деге­нiн iстеу­де. Шетелден ауру сиыр сатып алып, со­ны сау баға ал­май отыр­ған үкi­мет АЭС салып қа­рық қылады, халық қа­уiп­сiз­дiгiн қор­­ғай ала­ды дегенге ешқашан сен­бей­­мiн. Үлкен қатер алдында тұрмыз!

Мұхтар ТАЙЖАН, экономист:

- Еуропа мен Азияның дамыған мемлекеттерi өз же­рiн­де АЭС салудан бас тартып жатыр. Жалпы, АЭС электр қуаты тапшы елдерде салынады. Ал бiзде сондай тапшылық бар ма? Керiсiн­ше, табиғи қуат көздерiнен балама энергия алу жолдарын қарастырғанымыз дұрыс болар едi. Егер Ресеймен Қазақстан бiрiгiп АЭС салатын болса, онда, бiрiншiден, сынақ ретiндегi реактор пайдаланылады. Оның қаншалықты қауiпсiздiк талаптарына сай екендiгi күмәндi. Сонымен қатар Ресейдiң атом құрылысына қатысты көптеген елдер сенiмсiздiк танытуда. Олай болса, неге бiздер осындай күмәндi мәселенi елiмiзге кiргiземiз? "Росатоммен" туыстық байланысы бар В.Школьниктiң атом өндiру саласында отырғанының өзi көңiлдi күптi етiп, оның кiмнiң мүддесiн көздейтiнiн анық аңғартады.

Жақсылық СЫПАБАЕВ, дәрiгер:

- Чернобыль апатынан кейiн ауаға жайылған улы газдан бөлек, радиоактивтi бөлшектен құралған йод-131 адам денсаулығына үлкен зия­нын тигiзгенi мәлiм. Бар-жоғы сегiз тәулiк қана "өмiр сүретiн" бұл радиоактивтi бөлшек тамақ арқылы адам ағзасына сiңiп, ұзақ уақытқа сақталады. Йод-131-дiң залалы уақыт өте келе бiлiнедi. Ал сол апаттан кейiн бөлiнген плутоний адамның өкпесiне ақау салып қана қоймай, шiрiтiп те жiбередi екен.  Мұнан бөлек қаншама улы заттардың ауаға тарап, суға қосылып, жерге сiңетiнiн ескерсек, АЭС - адамзатқа төнген тiкелей тажал екенiн мойындайсыз. Халықаралық медицина мамандары Чернобыль апатынан кейiн 600 мың құтқарушының он пайызы көз жұмғанын және тағы 165 мы­ңы мүгедекке айналғанын мәлiмдедi.  Қазақ даласына осындай нәубеттi қолдан орнату қажет пе?

Дәркен АМАНДОСОВ, Чернобыль апатында құтқарушы қызметiн атқарған азамат:

- Кеңес заманының тәртiбiне бағынып, апатты аймаққа баруға мәжбүр болғандардың бiрiмiн. Ап­ат кезiндегi ауыр жағдайды сөзбен айтып жеткiзу мүмкiн емес. Бiрақ нағыз қауiп пен қатердiң көкесiн кейiн көрерiмiздi кiм бiл­ген? Радиациямен уланған бiзден туған баланың денсаулығы дiмкәс болады деп кiм ойлаған. Төрт балам да туылғаннан әлдебiр қышымамен ауырады. Оны емдеуге бiз­дiң дәрiгерлер қауқарсыз екен. Балаларымның бәрiнiң тыныс жолдарының қабынуы, ас қорыту жүйесiнiң бұзылуы сияқты бiрдей дертке шалдығуын кездейсоқтық деп ойламаймын. Ширек ғасыр өткен Чернобыль апатының зардаптары әлi күнге жойылмағанын осыдан кейiн қалай мойындамассың? Өзге бауырларымның бала-шағасында кездеспейтiн мұндай аурулардың тек менiң балаларымда болуы - Чернобыль апатының зардабы емес дей аласыз ба?

Олай болса, Ақтауда АЭС салу - билiктiң халыққа қолдан жасаған зұлматы болмақ. Онсыз да Семей полигонынан қаншама жұрт қасiрет шектi және әлi күнге бұл қайғының орны толған емес. Қан арқылы балаға берiлетiн түрлi дерт пен радиацияның зауалынан таяу жылдары құтылмасымыз анық та. Билiктiң бұл қиянатына жол берсек, егер Ақтауда АЭС салынар болса, қазақ деген ұлт тұтастай жойылуы әбден мүмкiн. Сондықтан ақтаулықтар ғана емес, елiмiздегi АЭС салу мәсе­лесiне бүкiл жұрт болып қарсылық танытуға тиiспiз!

Меруерт ХУСАИНОВА

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395