Сенбі, 23 Қараша 2024
1896 0 пікір 6 Қаңтар, 2023 сағат 15:48

Қазақстанда 2,4 мың сарбаз несиесін төлей алмай жүр

Дәл қазір әскерде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 6,4 мың сарбаздың несиесі бар. Олардың 2,4 мыңы қарызын уақтылы төлей алмай жүр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кредиттік бюроның мәліметіне сүйенсек, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алған 6,9 мың адам әскерге кетіп қалған. Олардың жалпы қарызы 2,2 млрд теңге екен. Сол алты жарым мыңға жуық адамның ішінде 2,4 мыңы 872 млн теңге қарызын төлемеген. Яғни олардың несиені төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен. Жастардың мың жарымын банктер, 1,2 мыңын микроқаржы ұйымдары іздеп жүр.

«Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың несиесінің төленбей қалуына жол бермес үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қорғаныс министрлігі меморандум арқылы келіскен. Оған сәйкес, әскердегі жастарға банк қарызы мен микронесиелер төлемін кейін төлеу мүмкіндігі беріледі. Аталған мәселені реттеу үшін қарызын өтей алмаған сарбаздардың тізімі таяуда банктер мен микроқаржы ұйымдарына жолдап отыр», - дейді депутаттардың сауалына жауап берген үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371