Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2120 0 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 14:57

ІІМ: "Елімізде 2 мыңға жуық есірткі сататын сайт бұғатталды"

Creative abstract cyber crime, online piracy and internet web hacking concept: 3D render illustration of the macro view of metal handcuffs and wooden judge mallet, gavel or hammer on laptop notebook computer keyboard with selective focus effect

Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде елімізде 2 мыңға жуық есірткі сататын сайт бұғатталғаны айтылды.

Өткен аптада Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдағаны белгілі. Президентке ведомствоның 2022 жылғы атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел бойынша кісі өлтіру санын едәуір азайтуға мүмкіндік берген құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарланды. Оның ішінде ұрлық пен мал ұрлығы фактілерін ашу жұмыстары күшейтілді. Министр Марат Ахметжановтың айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл тәсілдерін өзгерту арқылы олардың орын алу себептері мен жағдайларын және қаржыландыру көздерін жоюға баса назар аудара отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ОПГ) 24 көшбасшысы мен 114 мүшесі ұсталды, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ Президентке киберқылмыспен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілген.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асыру шеңберінде ұялы байланыс компаниялары «ауыстырылмалы» 1 нөмірлерінен 5,5 млн қоңырауды бұғаттады. Ішкі істер министрлігі 6 ұйымдасқан қылмыстық топты жойып, алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтатты. Бұдан басқа, ІІМ басқа құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, 2781 есірткі қылмысы анықталды, заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді және 70 есірткі зертханасы жойылды, сондай-ақ 1990 есірткі сайты бұғатталды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369