Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
Билік 1922 1 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 15:02

ІІМ: "Бір тәулікте мыңнан астам қылмыс ашылды"

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек елдегі бір аптадағы криминогендік жағдайды баяндады.

«Бір апта ішінде 2299 қылмыс жасалды, оның 1490-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 34 тонау және 303 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі апталық онлайн брифингіде.

Сонымен бірге, ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысына 2022 жылғы атқарылған жұмыс жөнінде есеп берген.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент ауылдық жерлерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтықтың және қылмыстардың алдын алу және жедел ден қою шараларының басымдылығын атап өтті.

Қ. Тоқаев осы бағыттағы ұйымдастырушылық және заңнамалық қадамдарды қабылдауды тапсырды және елдегі жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттерді белгіледі.

 

Abai.kz

1 пікір