2022 жылы Қазақстан 84,2 млн тонна мұнай өндірді
2022 жылы Қазақстан 84,2 млн тонна мұнай өндірді, бұл жоспарланған көлемнен 1,6% - ға жоғары. Газ өндіру көлемі 53,3 млрд текше метрді құрап, жоспарланғаннан 3,1% - ға артық болды, деп хабарлады Үкімет отырысы барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
"2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 84,2 млн. Тоннаға жетті, яғни 2022 жылғы жоспарды 101,6% -ға орындады. Теңіз кен орнында 29,2 млн.тонна мұнай өндірілді, жылдың жоспары 100%-ға орындалды. Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру 11,3 млн. тоннаны, 103,8% - ды құрады. Қашағанда мұнай өндіру көлемі 12,7 млн.тоннаны, 109,5%-ды құрады", - деді Ақшолақов.
Оның айтуынша, 2022 жылғы мұнай экспорты 64,3 млн. тоннаға жетті.
Сонымен қатар, 2022 жылы газ өндіру көлемі 53,3 млрд.текше метр газды, 103,1% - ды құрады, ал тауарлық газ өндірісі 27,8 млрд. текше метрді құрап, жоспардың 94% - ын орындады. Мұны Энергетика министрлігінің басшысы Орынбор газ өңдеу зауытында Қарашығанақ газын қабылдауды шектеуге, сондай-ақ теңіз және Қашаған кен орындарында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына байланысты деп түсіндірді.
Abai.kz