Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2642 0 пікір 12 Қаңтар, 2023 сағат 13:40

Астанада көлік жүретін көпір қақырап тұр

Болған жайтқа қатысты Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы түсінік берді.

"Алаш тасжолындағы "бүкір көпір" бұған дейін апатты деп танылған еді. Осыған байланысты жол өтпесінің оң жақ бөлігі жөнделіп, қозғалыс 2022 жылы жазда ашылды. Көлденең асфальтбетон жабынының ішінара деформациясы жол өтпесінің жөнделмеген тұсы – сол жақ бөлігінде орын алды. Осы орайда жол белгілері қойылып, учаскені қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр", - делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталысымен қозғалысты қалпына келтіру үшін жол өтпесінің сол жақ бөлігін жабу жоспарланған.

"Көпірдің зақымдануын ескере отырып, жол өтпесінің сол жағымен автокөлік қозғалысы уақытша жабылады. Дегенмен көлік құралдары үшін көпірдің екі жақ бөлігімен де қозғалыс қамтамасыз етіледі", - дейді басқармадан.

Одан бөлек, "Ikomek" орталығының әлеуметтік желідегі жауабында жол төсемін қалпына келтіру жұмысы 15 қаңтарға дейін жүргізілетіні айтылған.

Еске салайық, 2020 жылы аталған көпір опырылып құлаған еді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 973
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2489
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 650