Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1599 7 пікір 12 Қаңтар, 2023 сағат 14:05

Назарбаев "Құрметті сенатор" мәртебесінен айырылды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті сенатор» лауазымы алынып тасталды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«3 апта бұрын регламентті қарап, Сенаттың регламентіне тиісті өзгеріс енгізілді. Соның аясында біз «Құрметті сенатор» атағын регламенттен алып тастадық. Енді бізде ондай институт жоқ. 2022 жылы өткен референдумда бүкіл халық қолдап, Конституциядан Елбасына қатысты нормалар алынып тасталды. Ертең Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заң күшін (Парламент палаталарының бірлескен отырысында) жоятын болады», - деді ол.

«Құрметті сенатор» мәртебесі Қазақстанда тек жалғыз адамға – Нұрсұлтан Назарбаевқа 2019 жылы мамыр айында берілген. Мұндай мәртебесі бар адам елдегі аса маңызды талқылауларға қатыса алатын.

«Енді «Құрметті сенатор» лауазымы ешкімге берілмейді»,-дейді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

7 пікір