Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2225 6 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 13:41

Шетелдік көлікті заңдастыру қанша тұрады

Сырт елден әкелінген автокөлікті заңдастыруға қанша сома керек? Аталған сауалға Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік құралын тіркеу үшін мамандандырылғын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 200 мың теңге көлемінде бірреттік төлем жасалады. Техпаспорт үшін 4 313 теңге мемлекеттік баж бар. Сондай-ақ көлік иесі мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге мөлшерінде алым төлейді. Барлық құжат тексеріліп, төлем жасалғаннан кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беріледі»,- деді Қайсар Сұлтанбаев аталған ведомствода өткен брифингіде.

Оның айтуынша, шетелдік көлікті бір рет тіркеп, заңдастыру жетіп жатыр.

«Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелден әкелінген автокөлікті уақтылы тіркеу талабын сақтауы қажет. Яғни ел аумағына кіргеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде заңдастыруы тиіс», - дейді ол.

Одан бөлек министрлік өкілі көлігін заңдастырған азаматтардың утиль алымнан босатылатынын айтты.

Бұған дейін Қ.Сұлтанбаев шетелдік көлікті заңдастыру үшін қандай құжаттар керектігін айтқан болатын. Құжат тапсыру 23 қаңтарда басталады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669