Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1492 4 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 13:46

БАҚ: Путин 2024 жылғы сайлауға дайындалып жатыр

Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саяси блогының өкілдері 2024 жылы президент Владимир Путин түсетін президент сайлауына дайындықты бастап кетті. Бұл туралы "Коммерсант" газеті дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ресейде кезекті президент сайлауы 2024 жылы наурызда өтуі тиіс. Саяси науқан тақап қалғанына қарамастан Путин әлі күнге дейін тағы бір мерзімге сайлауға түскісі келетінін жариялаған жоқ. Дегенмен Кремль сайлаудың түрлі сценарийін дайындап жатыр, деп жазды басылым.

2023 жылы қыркүйекте губернаторлар мен кейбір аймақтардың заң шығарушы кеңестерін сайлау өтеді. Басылым дереккөздерінің бірінің мәліметінше, осы сайлауларда "әрқилы саяси шешім" сыналады. Аймақтардағы сайлауда Кремль президент сайлауында қайталануы мүмкін сценарийлер қолданылады, дейді дереккөз.

Бұның алдында "Верстка" басылымы Кремль 2024 жылы өтетін президент сайлауына дайындықтың жаңа белесіне өтті деп жазған. Басылым мәліметінше, аймақтардағы биліктер федералдық орталықтан саяси науқанға дайындалу жөнінде бұйрық алған. Әскери қимылдарға қарамастан, жоспарлау бәрі ойдағыдай екенін көрсетуі тиіс, деп жазды "Верстка".

Владимир Путин 2000 жылдан бері Ресейді басқарып отыр. Ол 2000-жылдары екі мәрте: 2000 және 2004 жылдары президент болйып сайланды. Ол кезде Ресейде президент мерзімі төрт жыл болды. 2008 жылы Путин мен сол кездегі үкімет басшысы орын алмастырды: Дмитрий Медведев президент болса, Путин үкіметті басқарды.

2012 жылы путин үшінші мерзімге түсті: сол жылы президент басқару мерзімі төрт жылдан алты жылға өзгертілді. 2018 жылы ол төртінші мәрте президент атанды. 2020 жылғы жазда Ресей Конституцияны өзгертіп, Путиннің тағы екі мәрте президент сайлауына түсуіне, сол арқылы 2036 жылға дейін билікте қалуына жағдай жасап берді.

Abai.kz

4 пікір