Сенбі, 23 Қараша 2024
1683 0 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 14:14

Қытай: 1 айда 60 мың адам вирустан қайтыс болды

Қытай билігі коронавирус шектеулерін бәсеңдеткеннен кейін яғни, желтоқсан басынан бері елде 60 мыңға жуық адам коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Reuters жазды.

Қытай денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясының хабарлауынша, 8 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында 59 938 адам қайтыс болған, олардың өліміне коронавируспен байланысты себептер түрткі болған: 5,5 мыңы коронавирус инфекциясына байланысты тынысы тарылып, тұншығып өлген. Қалғанында коронавирус инфекциясы мен өзге ауру түрлері болған. Десе де, Қытай сарапшылары індеттің таралу шегі өтіп кетті деп санайды.

Бұған дейін Қытай билігі індет басталғалы бері елде шамамен 5 мың адам өлгенін, ал 2022 жылы желтоқсанда он мыңға жуық өлім тіркелгенін мәлімдеген. Осы аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Пекинді адам өлімін жасырып отыр деп айыптады.

Желтоқсан соңында британ Airfinity талдау компаниясы Қытайда күніне шамамен 9 мың адам коронавирустан қайтыс болған болуы мүмкін деп тұжырымдаған. Bloomberg те Қытайда крематорийлердің толып кеткенін жазған.

  • Қытай билігі былтыр жыл соңында жаппай наразылықтан кейін коронавирус шектеулерін жұмсарта бастаған. Осыдан соң елде коронавирус жұқтырғандар күрт артқан. Эпидемиологтардың пікірінше, Қытай билігі қатаң шектеулер қойып, науқастарды қоғамнан қатты алшақтатқаннан кейін тұрғындарда коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасып үлгермеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475