Сәрсенбі, 9 Сәуір 2025
1654 2 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 14:48

Екібастұзда 142 нысан тағы да жылусыз қалды

Екібастұзда Орамішілік жылу желісіндегі жұмыстарға байланысты бірнеше тұрғын үй жылудан ажыратылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Компаниядағылар бүгін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін 20 көпқабатты, 106 жеке тұрғын үй, 14 заңды тұлға және 2 әлеуметтік нысан жылу беруден ажыратылғанын айтты.

Жалпы, қалада жылу бірінші рет өшіп жатқан жоқ. Жылу желілеріндегі апаттан кейін былтыр 28 қараша мен 8 желтоқсан аралығында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ол кезде екібастұздық 13 мыңнан аса тұрғынның үйлері жылу, ыстық су, кәріз жүйесінен ажыратылды”, - делінген хабарламада.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4431
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3416