Сенбі, 23 Қараша 2024
1776 2 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 14:57

Импорт өсті: Қазақстан қай елдердің тауарына тәуелді?

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 98384,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 34,9%-ға артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы еліміздің экспорты – 63827,8 млн АҚШ долларын (номиналды мәнде 47,5%-ға артық), импорт – 34556,9 млн АҚШ долларын (номиналды мәнде 16,5%-ға артық) құраған.

Еліміздің экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (17,6%), Қытай (16,1%), Ресей (9,3%), Нидерланды (6,4%), Корея Республикасы (5,6%), Түркия (5,6), Өзбекстан (4,1%), Франция (3,0%).

Қазақстанға тауар импорттайтын негізгі елдер: Ресей (36%), Қытай (22%), Германия (4%), АҚШ (3,4%), Корея Республикасы (3,3%), Түркия (3,1%), Өзбекстан (2,7%), Италия (2,1%).

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475