Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2986 0 пікір 18 Қаңтар, 2023 сағат 12:43

Елімізде 2022 жылы 110 мың жаңа көлік сатылды

Келесі аптада Қазақстан автобизнесі қауымдастығы 2022 жылдың қортындысын шығарады. Былтыр Қазақстанда қай автомобиль маркасы ең көп сатылды деген сұраққа жауап беріледі. Бірақ қазір де, желтоқсан айының көрсеткіштерін күтпей, 2022 жылдың 11 айын саралап нақты айтуға болады: Қазақстан бойынша автокороль - Chevrolet Cobalt.

Бестселлерге айналған автокөлікті Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоПром" құрастырады. Былтыр (11 ай статистикасы бойынша) 30 749 Chevrolet маркасы сатылған. Оның 90 пайызы - Cobalt. Бұл абсолютты рекорд. Шевроледен кейін Хьюндай, КИА, Черри маркалары келеді. 2022 жылдан бастап - Тойота қазақтың дәстүрлі көлігі статусынан айрылды. Сондықтан қазақ және автокөлік дегенде Камриді емес, Кобальтты көбірек айта беруіміз керек. Сол әділ болады.

Жалпы, 2022 жылдың 11 айында елімізде 110 мыңға жуық жаңа автокөлік сатылды. Оның ішінде отандық маркалар (Шевроле, КИА, Хьюндай, Jac) және Қытайдан тасылатын Cherry, Haval сынды көліктер өз позициясын күшейткен. Жапондар әлсіреген (Тойота, Лексус, Субару, Хонда, Мазда), ал немістер (Мерседес, БМВ, Ауди) біздің нарықтан біртіндеп алыстай бастағанын көріп отырмыз.

Еуроминимализм бізге де келді. Біз де кішкентай, бензинді аз жейтін көліктерді көп алатын болдық. Үлкен джиптерге деген желік басылды, адамдар оның салығы мен күтіміне ақша жұмсағанша, сол ақшаны инвестициялау дұрыс екенін түсінді. Алматыда метромен жүретін банкирлер, бизнесмендер мен трейдерлер пайда болды. Мінез-құлық та, психология да өзгеруде. Материалды заттарға қарағанда дзен практикаларға, рухани бағыттарға деген қызығушылық артты.

Мінез-құлық экономикасында дәл осы психокартина ескеріліп, ұсыныс та соған лайықталады. Менің көлігім әлемді қалай өзгерте алады, қоршаған ортаға зиян тигізбесе екен деген ортақ идеология күшеймек. Демек, 2025-2027 жылдардағы статистикада біздегі сатылым лидеріне электромобиль шығады деп болжай аламын. Тесла болмайтын шығар, мүмкін Кобальт сияқты арзан әрі кішкентай электрокөлік болар. Біз соған келе жатырмыз.

Айбар Олжаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470