Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 3780 52 пікір 20 Қаңтар, 2023 сағат 11:47

Назарбаевтың жүрегі сыр берді

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оның жүрегіне ота жасалуы мүмкін.

Бұл туралы Президент «пулында» көп жылдан жұмыс жасаған, «Хабардың» бұрынғы басшысы, журналист Александр Аксютиц жазды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір Астанадағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Оның жағдайын кардиохиругтар бақылауда.

Жақында ғана «Тұңғыш президент – Елбасы заңының» күші жойылғаны, Назарбаевтың «Құрметті сенатор» мандатынан айырылғаны белгілі. Соны меңзеген кей журналистер осылардың бәрі биыл 6-шілдеде 83-ке толатын Назазарбаевтың жүрегіне салмақ салған болуы мүмкін деп өз долбарларын айтуда. Денсаулық минитрлігі ешқандай ақпарат таратпады.

«Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін ел алдына шығып, өзінің ешқайда кетпегенін, зейнетте екенін айтып, видео мәлімдеме жолдаған экс-президент көп көзіне жиі көріне қойған жоқ.

Ерте көктемде Түркияға, кейін Маскеуге барып Путинмен кездескені бірталай сөз болды. Астанадағы Орта азиядағы ең үлкен мешіттің ашылу салтанатына қатынасқаны да «диван сарапшыларының» назарын аударды. Одан кейін Тоқаевтың салтанатты ант беру мүрәсімінде бой көрсетті. Соңғы кезде Алла үйі - мешітке жиі барып жүргені сөз болып жүрді.

Өткен барыс жылы қоғам жаппай Қазақстанның Назарбаев басқарған отыз жылдық белесіне қайта баға берген өзгеріс жылы болды. Соның бәрін көзімен көріп отырған адамға оны қабылдау, өткенінен қортынды шығару, жақсы-жаманын таразылау оңайға соқпасы анық.

Қосымша:

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоғарыдағы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Ота ойдағыдай өтті. Тұңғыш президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің қадағалауында. Операция Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында танымал кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен жасалды», - деді Үкібай.

Abai.kz

52 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434