Сенбі, 23 Қараша 2024
Ресей агрессиясы 2936 12 пікір 20 Қаңтар, 2023 сағат 16:06

Мәскеу қорғанысқа көшті

19 қаңтарда бірқатар телеграм арналар Ресей астанасы Мәскеуде әуе қорғаныс жүйелері орнатыла бастағаны жайлы жазды. Әлеуметтік желіде әкімшілік ғимараттарға кран арқылы әуеқорғаныс жүйелерін қойып жатқан видеолар мен фотолар тарап кетті.

Фото мен видеоларда оның "Панцирь-С1" әуе қорғаныс жүйесі екені нақты көрінген. Әуе қорғаныс жүйелерінің бірі Ресей қорғаныс министрлігінің шатырына орнатылған.

Журналистердің "әуе қорғаныс жүйесін не үшін қойып жатыр" деген сұрағына әскерилер "бұл бар болғаны жаттығу" деп жауап қатқан. Ал Ресейдің баспасөз хатшысы Песков болса, "әскери жаттығулар мен техникаға қатысты сұрақты менен емес, қорғаныс министрлігінен сұраңдар" дейді.

Ресейлік әскери сарапшы, әскери корреспондент Александр Коц болса былай дейді: "Мәскеудегі бірқатар ғимараттар мен саябақтарға әуе қорғаныс жүйесін орнатып жатқанға қатысты пікір білдіруді сұрап отыр. Оның фотосы мен видеосы барлық желіде тарауда. Бұған қатысты пікір білдірмеймін. Алайда бұл жақсы сигнал. Демек, Ресей билігі Мәскеуге жасалуы мүмкін соққының алдын алу керектігін түсіне бастаған. Ал соққы ерте ме, кеш пе жасалары сөзсіз", - дейді ол Telegram арнасында.

20 қаңтар күні Мәскеудегі Путин резиденциясына жақын маңда тағы бір әуе қорғаныс жүйесі орналастырылған видео тарады. Алайда оған қатысты нақты ақпарат шықпады. Ресей қорғаныс министрлігі бұл әрекетіне қатысты мағлұмат бермеді.

Abai.kz

 

 

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402