«Қазпочта» кешірім сұрап жатыр. Енді қайттік?!
«Қазпочта» АҚ Твиттердегі аккаунтында жарияланған жазба үшін кешірім сұрапты. Ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жазылған. «Қазпочта» АҚ Твиттердегі парақшасында жарияланған кешірім хатында қазақ тілінде жай ғана кешірім өтініпті де, «танымал» тілде ресми түрде кешірім өтініпті.
Төменде екі тілдегі нұсқасын және заңгер Абзал Құспановтың «Қазпочта» АҚ басшылығы мен қызметкерінің заң алдында қандай баптар бойынша жауап беруі тиіс екені туралы қортындысын қайтадан ұсынып отырмыз!
Редакция
«Қазпочта» АҚ Твиттердегі «Қазпочта» АҚ аккаунтында жарияланған орынсыз түсіндірме үшін кешірім сұрайды.
«Қазпочта» АҚ аккаунтты жүргізушінің тұжырымдамасының әдепке жатпайтынын және орынсыздығын мойындайды. Бүгінге дейін «Қазпочта» АҚ әлеуметтік желілеріндегі аккаунтарды бірнеше адам жүргізіп келді, олар логиндер мен парольдерді бірге пайдаланды. Осы қызметкерлер бұл жұмыспен компаниядағы өздерінің негізгі жұмыстарынан бөлек, ерікті түрде айналысады. Қазір хабарламаға кімнің жауап бергені анықталуда, өйткені қызметкерлер браузерлерді емес, твиттер-клиенттерді немесе өздерінің ұялы телефондарын пайдаланады. Қазіргі сәтте пароль мен логин ауыстырылып, аккаунтқа қызметкерлердің кіруіне рұқсат етілмейді.

Кешірім сұрай отырып, барлық пайдаланушылар мен клиенттеріміздің қалауларын ескеріп, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас тілі бойынша жұмыс жағдайын түзетеміз деп уәде береміз.
АО «Казпочта приносит свои официальные извинения за некорректный комментарий, размещенный на аккаунте АО «Казпочта» в Твиттере. Мы полностью признаем и понимаем, что формулировка, использованная ведущим аккаунта, была неэтичной и некорректной. До сегодняшнего дня аккаунты в социальных сетях АО «Казпочта» вели несколько человек, которые имеют логин и пароль. Данные сотрудники занимаются этим на добровольной основе, помимо своей основной работы в департаментах компании. Сейчас выясняется, кто именно опубликовал сообщения, так как сотрудниками используются не только браузеры, но и твиттер-клиенты и собственные мобильные телефоны. В настоящее время пароль изменен, доступа к аккаунту у сотрудников нет. Приносим свои извинения и обещаем исправить ситуацию по работе и языку общения в социальных сетях с учетом пожеланий всех пользователей и клиентов.
Менің жеке пікірім, елдегі белгілі БАҚ және әлеуметтік желілердегі бірнеше күннен бергі толастамай жатқан қызу пікірталас - «Қазпочта» АҚ-ы қызметкерінің әрекетінен, қазақ ұлтын тілдік тұрғыдан кемсіту, азаматтардың қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді таңдауына шектеу, ұлтаралық араздық туғызу белгілерінің бар екенін дәлелдейді.
Егер, «Қазпочта» АҚ-ның атышулы қызметкерінің жеке басы анықталған жағдайда, оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру белгілері бойынша 164 бабымен жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалса - 164 баптың белгілерін құрайды.
Ол бап ауыр қылмыстар қатарына жатқызылған, атап айтқанда, бірінші бөлімі бойынша 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланса, екінші бөлімі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге, ал, 3 бөліміне сәйкес, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сонымен бірге, «Қазпочта» АҚ-ның басшылығы да бұл мәселе бойынша қандай жағдайда да жауаптылықтан жалтара алмайды, себебі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және Еңбек Кодекстерінің талаптарына сәйкес, ол өз қызметкерінің қызмет бабындағы әрекеттері үшін жауапты болып табылады.
Анықтама жасаған:
қорғаушы, БҚО адвокаттар
алқасының алқа мүшесі
А.Т.Құспан
Анықтаманың толық нұсқасын мына сілтемеден http://old.abai.kz/node/21662 тауып оқисыздар.
Abai.kz