Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2393 1 пікір 25 Қаңтар, 2023 сағат 13:31

Германия Украинаға "Леопард" танкілерін жібереді

Бұл жөнінде Der Spiegel басылымы мен немістің N-tv телеарнасы хабарлады. Вашингтон да Киевке "Абрамс" танкілерін беру мәселесін қарастырып жатыр.

Германия ақпарат құралдарының мәліметінше, Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға "Леопард" танкілерінің соңғы үлгілерін жіберуді жөн көрген. Мәселе кемінде 14 техника жөнінде болып отыр. Берлин сонымен бірге өзге елдерге де неміс танкілерін беруге келісім береді, себебі шарт бойынша басқа елдер өндірушінің рұқсатынсыз техника бере алмайды.

Бұған дейін Берлин рұқсат берсе, Украинаға "Леопард" танкілерін жеткізетінін Польша, Нидерланды, Испания мәлімдеген. Олардың қатарына Италия, Дания, Финляндия да қосылуы мүмкін.

Украина билігіндегі дереккөзге сүйенген ABC арнасының хабарлауынша, Киевке "Леопард" танкілерін 12 ел беруге келіскен. Берілетін танкілер саны жүзге жетіп жығылады.

24 қаңтарда The Wall Street Journal басылымы дереккөздерге сүйене отырып, АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаға "Абрамс" танкілерін беруге ұйғарды деп жазған. Sky News Arabia АҚШ Украинаға 10 танк беруі мүмкін екенін жазса, Politico мәселе 30 шақты машина жөнінде болып отыр деп хабарлады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2426
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629