Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2475 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 11:04

Имамдар аттестациядан өтуде

Біз бүгінде жаңа технологиялардың дамыған заманы - ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Аллаға шүкір, ұлтымыз иманға ұйысып, халқымыздың діни сауаты артып келеді. Сондықтан мемлекетімізге сауатты, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез-келген діни мәселені байыппен, байсалдылықпен шешуге тырысатын білімі мен білігі толысқан имам-молдалар қажет. Діни һәм ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, өркениет көшінен кеш қалуға болмайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажұлы Бас мүфти қызметіне кіріскелі дін саласы бойынша бірнеше бағытта жұмыстарды жүйелі жүргізуді қолға алды. Діни басқарманың алдына қойған негізгі жұмыстарының бірегейі - имам-молдалардың сауатын жетілдіріп, оларды қайта сараптаудан өткізу арқылы діни қызметтің сапасын арттыру.

Осы мақсатта бүгін ҚМДБ жанынан құрылған Сараптау комиссиясы Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, имам-молдаларды аттестациядан өткізуде. ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков, психолог Маргарита Өскенбаева, т.б. дін мамандары әр имамның діни сауаты мен қабілетін сарапқа салуда.

Шымкент қаласының 42 имамы екі күн бойы аттестациядан өтеді. Одан кейін аудан, ауыл молдаларының білімі сарапталмақ. Дін қызметкерлерінің діни сауаты төмендегі талаптар негізінде анықталады:

-         Қасиетті Құранды тәжуид ережесіне сай анық, жатқа әрі мүдірмей оқу;

-         Исламдағы фиқһтарды (құқықтарды) білу;

-         Ақида ілімі деңгейін анықтау;

-         Араб тілі білімін анықтау;

-         Діни ағымдардың пайда болу тарихына қатысты сауатын білу;

-         Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы Заң талаптары жайлы білімін анықтау;

-         Психологиялық тест жүргізу, т.б.

Бұдан бөлек мұсылманның күнделікті өмірінде кездесетін діни рәсімдерге қатысты білімі мен одан шығудың жолдары туралы ой-көзқарастары анықталуда. Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы Заңда Әбу Ханифа мәзһабына басымдық берілгені белгілі. Осыған орай ҚМДБ Сараптау комиссиясы мүшелері тарапынан имам Әбу Ханифаның өмірі мен діни ілімі туралы суалдар да қойылды.

Мүфтият бұрын болмаған оң бастамаға мұрындық болды: имамдар арасында 71 сұрақ бойынша психологиялық тест жүргізіліп жатыр. Мақсат - дін қызметкерлерінің қарым-қабілетін, мінез-құлқын, психологиясын анықтау әрі олардың жігерін ояту, қызметке деген құлшынысын арттыру.

Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти:

Мақсатымыз - қызметке құлшынысты арттыру

Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Діни басқарманың өкіл имамдарымен кездесуінде дін қызметкерлерінің білімін көтеру мәселесіне жіті көңіл бөлу қажеттігін айтты. Қазақстан мұсылмандарының VII құрылтайында бірауыздан Бас мүфти қызметіне сайланған Ержан қажы Малғажыұлының жұмыс жоспарының негізгі бағыттарының бірегейі - имамдардың ілімін шыңдау, қабілетін арттыру. Осы мақсатта дін кадрларын аттестациядан өткізу шарасын Оңтүстік Қазақстан облысынан бастауымыздың мәні бар. Өйткені, өңтүстік өңір, еліміз бойынша, мешіті мен молдасы мол аймақ. Имамдардың көп болғаны жақсы. Алайда дін қызметкерлерінің саны ғана емес, сапасының жоғары болғаны өте маңызды.

Бұл - аттестациядан өтпей қалған имам қызметтен босатылады деген сөз темес. Біріншіден, олардың діни білім деңгейін анықтай отырып, сауатын жетілдіруге жағдай жасау, мүмкіндіктер туғызу.

Дін өкілдері арасында өтетін аттестациялау жұмысы басқа да облыс, аймақ, өңірлерде жүзеге асады. Сараптау комиссиясының шешімін Бас мүфти қарастырып, бекітеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған сараптау комиссиясының бұл жұмысы имамдарымыздың жұмысына деген жауапкершілігін сезіндіріп, ислами білімін жетілдіруге жігерлендіріп, діни қызметке деген құлшынысының артуына сеп боларына сенімдіміз.

Маргарита ӨСКЕНБАЕВА, психолог:

Имамдарда көшбасшылық қасиет бар

Психологиялық тестке имамдарға арналған 71 сұрақ енгіздік. Сұрақтар негізінде имамның өз қызметіне деген жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас деңгейі, көңіл-күйі, отбасылық жағдайы мен мінез-құлқына сипаттама беріледі. Біз осы арқылы дін қызметкерлерінің жұмысқа деген жігерін оятып, құлшынысын арттыруға ықпал етеміз. Кейбір отбасылық, қоғамдық, діни мәселелерді шешуде байсалдылық, байыптылық танытуға және тығырықтан шығудың психологиялық жолдарын ұсынамыз, жан-дүниесіндегі қайшылықтарды жеңуге жәрдем береміз.

Имамдардың берген жауабы арқылы баллдық көрсеткіш негізінде олардың психологиясын анықтауға болады. Психологиялық тестің тағы бір пайдасы - адамның өз бойындағы жаман қасиеттерді жеңуге, өмірге деген құштарлығын арттыруға көмектеседі.

Біздер, психология саласының мамандары көптеген мекеме қызметкерлері арасында психологиялық сараптау жұмыстарын жүргіземіз. Алайда біз мұндай шараны бірінші рет дін мамандары арасында өткізіп отырмыз. Бұған дейін бізде мұндай тәжірибе болмаған. Тест жүргізу кезінде байқағаным, имамдар өзіне сеніммен қарайды, ұстамдылық танытады. Олардың басым көпшілігінде көшбасшылық, тұлғалық қасиеттер байқалады. Діни басқармасының бұл бастамасы оң нәтижесін береді деген ойдамыз.

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы

Шымкент қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402