Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар 7 жылға сотталуы мүмкін
2022 жылы терроризм актілері бойынша жалған хабарламалар саны артты. Қылмыстық кодекстің 273-бабымен 181 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Әдетте, аталған фактілерді тексеру көп уақыт пен ресурстарды қажет етеді. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтер, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел тергеу топтары барады. Кәсіпорындардың қалыпты жұмыс режимі бұзылады. Бұл күш пен құралдардың айтарлықтай ауытқуына әкеледі, тексерілетін коммерциялық кәсіпорындар миллиондаған шығынға ұшырайды, терролық шабуыл туралы жалған хабарламалар адамдарды эвакуациялау кезінде дүрбелең мен құрбандыққа әкелуі мүмкін.
Құқық қорғау және арнайы органдар осындай анонимді хабарламалардың авторларын анықтау бойынша шаралар қабылдайды. 2022 жылы 25 адам сотталды.
Сондай-ақ, Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көрінеу жалған терроризм бойынша қылмыстық жауаптылықты күшейту және құқық бұзушылықтың осы түрін «ауыр» санатқа жатқызу (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі) туралы мәселе пысықталып жатыр.
Abai.kz