Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 9551 0 пікір 20 Наурыз, 2013 сағат 03:46

Тұманбай Молдағалиев. Бақытты бол, қазағым

20 наурыз - ақын Тұманбай Молдағалиевтің туған күні.

Тұма жырдың бастауындай мөлдір поэзиясымен әдебиетіміздің көкжиегін кеңейткен ақынның жауһар жырлары халқымен бірге жасасып келеді. Тұманбай ақынның лирикалық өлеңдері әлі талай жанның жүрек қылын шертіп, көңіліне қонақтары хақ.

Әйгілі ақынның туған күніне орай бір топ өлеңдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Abai.kz

 

Өткен күндерге хат жаздым

 

Өткен күндерге хат жаздым,

Өшіп қалмасын оты деп.

Іздейді, мүмкін, хат жазды

Арманға толы көкірек.

Тағдырым, мені жүдетпе,

Биіктеп ұшсын нар құсым.

Қартайған қайсар жүректе,

Жігіттің оты, бармысың.

Бітпеген әні, әуені,

Жігіт едім ғой мен күшті.

Бес жапырағым бар еді,

Бір жапырағым желге ұшты.

Құлатып алдым ай, күнді,

Жылады жаным еңіреп.

Көтерісті ауыр қайғымды,

Сүйеді елім мені кеп.

Найзағай соққан қарағай

Орманда осы аз ба, әттең.

Жаңа аяқтанған баладай

Жүремін құлай жаздап мен.

 

Өлең жазбасам

 

Өлең жазбасам,

бірдеңем жоғалғандай,

Мазам кетіп жүремін оңала алмай.

Әлсіздік пен мәнсіздік, мазасыздық,

Соңымнан бір ереді олар қалмай.

Өзімді өзімді ұнатпай,

20 наурыз - ақын Тұманбай Молдағалиевтің туған күні.

Тұма жырдың бастауындай мөлдір поэзиясымен әдебиетіміздің көкжиегін кеңейткен ақынның жауһар жырлары халқымен бірге жасасып келеді. Тұманбай ақынның лирикалық өлеңдері әлі талай жанның жүрек қылын шертіп, көңіліне қонақтары хақ.

Әйгілі ақынның туған күніне орай бір топ өлеңдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Abai.kz

 

Өткен күндерге хат жаздым

 

Өткен күндерге хат жаздым,

Өшіп қалмасын оты деп.

Іздейді, мүмкін, хат жазды

Арманға толы көкірек.

Тағдырым, мені жүдетпе,

Биіктеп ұшсын нар құсым.

Қартайған қайсар жүректе,

Жігіттің оты, бармысың.

Бітпеген әні, әуені,

Жігіт едім ғой мен күшті.

Бес жапырағым бар еді,

Бір жапырағым желге ұшты.

Құлатып алдым ай, күнді,

Жылады жаным еңіреп.

Көтерісті ауыр қайғымды,

Сүйеді елім мені кеп.

Найзағай соққан қарағай

Орманда осы аз ба, әттең.

Жаңа аяқтанған баладай

Жүремін құлай жаздап мен.

 

Өлең жазбасам

 

Өлең жазбасам,

бірдеңем жоғалғандай,

Мазам кетіп жүремін оңала алмай.

Әлсіздік пен мәнсіздік, мазасыздық,

Соңымнан бір ереді олар қалмай.

Өзімді өзімді ұнатпай,

құнсызданам,

Көз алдыма келеді күнсіз далам.

Қуат таппай ұшуға, қонуға да,

Мұңаямын, өзімше құр сызданам.

Бақытпен де кезінде бастас едік,

Бара жатам біртүрлі босқа семіп.

Өзімді өзім алдаймын,

өтірігіме

Өзім сенбей, қалардай басқа сеніп.

Мейіріменен көңілін жібітті де,

Аяқ басты шалдыққа жігіт, міне.

Не тапсам да, барлығын жырдан таптым

Күдікті де, күлкіні, үмітті де.

Өмірімнің өзені жай ақпастан,

Күнде таңда ұйқымнан оятты аспан.

Жырдың өзі - бітпейтін денсаулығым,

Ерке күнім ертеңге аяқ басқан.

Жарқылдаймын, кәрілік, сені ұмытып,

Жігіттіктің кеудеме желі бітіп.

Өмір сүрсем дейтұғын үміт-кеме

Жағалауда тұрады мені күтіп.

 

Қырланады, сұрланады

 

Қырланады, сұрланады,

Өңің кейде бұзып дала.

Келіп қарттық бір хабары,

Соқпай көңілің қызыққа да,

Жүретін бір күндерің бар

Атқа мінбей, жаяу қалып.

Көңіл кетіп гүлге құмар,

Отырасың ой ойланып....

Менің де көп,

кінәм аз ба,

Бәрі де ептеп оянады.

Көңіліңдегі күлкі, наз да

Көз жасына боялады.

Қызықты кеш, құмар әні

Бара жатыр бәрі сиреп.

Сәбилерің шығарады

Шыңарудан сені сүйреп.

 

Таң атты, біраздан соң күн шығады

 

Таң атты, біраздан соң күн шығады,

Жаяды бар әлемге нұр шұғаны.

Тағы ерте оянып ап ой қуалап,

Көңілім бір жақтарға құлшынады.

Көңілім дәметеді алыстардан,

Үнсіз кеп жүрегіммен табысты арман.

Нұр жиям көкірегіме тағы, тағы

Жылжыған алға қарай ағыстардан.

Қақпасын жүрегімнің нұрға аштырып,

Әр таңнан дәметемін бір жақсылық.

Әр әнді кеудемдегі оятсын да,

Жіберсін жолаушыға жолдас қылып.

Күнді бер жүрегіме, жарық күнді,

Бақытқа баяғыдай қарық қылғын.

Анау бір шал-шауқанның арасынан

Қартайған мен өзімді танып тұрмын.

Кәрілік көздерімді бақырайтып,

Арманның келді үйіме аты қайтып.

Аяймын өзімді өзім оңашада,

Қоямын өзіме өзім ақыл айтып.

Таң атса, күн батады көп етпей-ақ,

Тыншығам көңілімдегі бөбекті аяп.

Жүретін қыздар қоршап қызық дәурен

Кетеді, келеді де маған таяп.

 

Тарыққанда табынарым - өлеңім

 

Тарыққанда табынарым - өлеңім,

Жабыққанда жалынарым - өлеңім.

Барлығы да өлеңімде сақтаулы -

Ақын болып нені айттым мен, не дедім.

Жүрегіме сүйенемін күй білген,

Жыры арқылы жұрт көңілін идірген.

Ең алдымен сүйдім адамдарды мен,

Анам көріп, әкем көріп сүйдім мен.

Сол өмірдің дегендерін құп алдым,

Әрқашанда көктем алдым, нұр алдым.

Жақсы көрдім қатар жүрген достарды,

Табысына, шабысына қуандым.

Көңілім деп ұқтым гүлді, көгалды,

Өрге бастар өмірімнің жол алды.

Мен жамандық істегем жоқ ешкімге,

Қолдан келген жақсылығымды

ел алды.

Көктемдегі көк өзендей тасимын,

Жалғыз ауыз жаман сөзден жасимын.

Қатты сөзге барғаным жоқ ешкіммен,

Тәтті сөзге жебеушім деп бас идім.

Бірін-бірі сүйеп тұр ғой ормандар,

Өсиетсіз, қасиетсіз болмаңдар.

Ей, адамдар бір-біріңді қолдаңдар,

Ей, адамдар, бір-біріңді қорғаңдар.

 

Махамбет

 

Екі жүз жыл. Сен туғалы, Махамбет,

Екі жүз жыл жұлдыздарға ұмтылғалы,

Махамбет.

Дұшпаның да, зымыраған жылдар да

Келмеді ғой сені мәңгі құртуға әлі, Махамбет.

Сен жыл сайын биіктедің, асқақтадың,

Махамбет.

Жамандықтың жармасатын

жасқап бәрін, Махамбет.

Көтерілдің биігіне даңқтың да

абыройдың,

Өр өзен боп кең далада босқа ақпадың,

Махамбет,

Жырларыңды бала кезде жатқа айтып ем,

Махамбет.

Жігітімде жігіттерге мақтайтын ем,

Махамбет

Ақындық та ұлы майдан,

бір майданда жеңілсем,

Келесі бір жеңістерге баптайтын ең,

Махамбет.

Сенше кетсек, бұл дүниеге сенше келіп,

Махамбет,

Халық деген ұлы анадан емшек еміп, Махамбет.

Ақындық пен батырлықтың

туын бірдей көтеріп,-

Санамызда от боп жандың

өршеленіп, Махамбет.

Сен тірісің әлі күнге, сен өлмедің, Махамбет,

Шың, асуда атың тайып бөгелмедің,

Махамбет.

Ақындықтың хас батырлық

екендігін, ендеше.

Өміріңмен өзің кешкен дәлелдедің,

Махамбет.

Ел жадында мәңгі бақи есен ерсің, Махамбет,

Саған деген ел пейілі еселенсін, Махамбет.

Дәл өзіндей атқа мініп, дәл өзіндей жыр толғап,

Келетұғын ұрпақтарың өсе берсін, Махамбет!

 

Борыш

 

Лыпылдап түскеніммен жылдам көзге,

Мен жолдас таба алмадым жырдан өзге.

Қайғыны шабу керек қылышпенен,

Ай-күнің сені аялап тұрған кезде.

Арала дүниені ден сауында,

Бергені саған Құдай берсе ауылға.

Дайында қызыңа да жасауды ерте,

Тайын да көрсетіп қой асау ұлға.

Ұйқыдан жүр өзіңді кіл оятып,

Ойлану, ояу жүру - о да бақыт.

Әкелік борыш деген борышыңды

Ұмытып кетіп жүрме Құдай атып.

Жансың ба жаурағанға от беретін,

Жомарт бол аздың өзін көп көретін.

Ағалық борыш та бар атқаратын,

Бір өзің іні алдында өткеретін.

Қайғыны, бірге көрдік қуанышты,

Көгіне кеудемізден қыран ұшты.

Борыш бар азаматтық ел алдында,

Қалай да өтеу керек сол борышты.

 

Бақытты бол, қазағым

 

Бақытты бол, қазағым,

қайда жүрме,

Бара алмадық көбінде тойға бірге.

Үлестіріп әркімге беретіндей,

Біздің туған өлкеміз бай ма гүлге?!

Біз бітпейміз, жат бізге ондай ұғым,

Табыстадық тарихқа тандай ұлын.

Келін түскен кең үйге кең жүрекпен

Жарасады жасасақ қандай ырым.

Мен елімнің ұнатам ер мінезін,

Көпке қызмет жасаймын жалғыз өзім.

Келін түскен үйлерден әсем үйді

Көрген емес туғалы менің көзім.

Әсем әндер жаңбыр боп төгіледі,

Бақыты көп не деген өмір еді.

Қыз ұзатып жатқан үй қызығымның

Басы болып әрқашан көрінеді.

Оянасың, ойшылым, күнмен бірге,

Көбелек боп ұшасың гүлден гүлге.

Қуанышың көп болын сенің, қазақ.

Аз көрмедің қайғыны бүл өмірде.

Туған жерді көреміз жанымыздай.

Ән бір арман, айтамыз оны бұзбай.

Әрқашанда бақытты болғын, қазақ,

Жиырмадағы жігіттей, ару қыздай.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371