Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2150 2 пікір 30 Қаңтар, 2023 сағат 14:42

Астана-Токио әуе рейсін ашуға келіссөздер жүргізіліп жатыр

Астана-Токио тікелей әуе рейсі қайта ашылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Сыртқы істер министрлігі елшілігіміз арқылы әуе рейсін қайта қалпына келтіру немесе жаңа бағыттарды ашу бойынша келіссөз жүргізу үстінде. Әрине, біз осындай танымал рейстерді қайта ашуға мүдделіміз. Өкінішке қарай, қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Өйткені, жапон тарапымен келіссөз жүріп жатыр», - деп тоқталды Айбек Смадияров.

Ведомствоның ресми өкілі пандемия көптеген елдердің жоспарына өзгеріс енгізгенін атап өтті.

Сондықтан қазір бұрын басталған келіссөзді қайта жалғастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2524
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660