Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2795 2 пікір 30 Қаңтар, 2023 сағат 15:45

Жапония бірқатар тауарларды Ресейге экспорттамайды

Жапония 3 ақпаннан бері Ресейге вакциналар, медициналық құрал-жабдықтар, роботтар экспорттауға тыйым салады. Осылайша Жапония Ресейге қарсы Украинаға басып кіргені үшін санкциялар тізімін кеңейтті. 

Бұл жөнінде Жапонияның экономика және сауда министрлігі хабарлады. Аталған күннен бастап бұдан бөлек атом нысандары үшін, мұнай және табиғи газ барлау құрал-жабдықтарын да Ресейге сатуға тыйым салады.

Экспорттық шектеу 49 ресейлік ұйымға енгізілген.

Жапония сонымен бірге жекелеген адамдарға қатысты да санкция тізімін кеңейтті. Токио ресейлік 22 жеке тұлғаның және 3 ұйымның активтерін құлыптайды. Атап айтқанда, әділет министрі Константин Чуйченко, вице-премьер Андрей Белоусов, Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилова, Балалар құқығы жөніндегі арнайы уәкіл Мария Львова-Белова және философ әрі саясаттанушы Александр Дугин "қара тізімге" енді.

Токио сонымен бірге ресейлік "Иркут" корпорациясын, "КАМАЗ", "Авангард" Мәскеу машина құрылыс зауыттарын да "қазар тізімге" енгізді.

Былтыр ақпан айында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Жапония президент Владимир Путиннен бастап бірнеше шенеуніктерге санкция салған. Токио әрі Украинаға гуманитарлық көмек жіберетінін мәлімдеген.

Ресей Жапонияны өзіне қас елдердің тізіміне қосып, жапон балықшыларына Оңтүстік Курил теңізінде балық аулауға тыйым салған.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1019
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2561
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677