Жұма, 22 Қараша 2024
1475 2 пікір 31 Қаңтар, 2023 сағат 12:07

СІМ: "Қазақстан қаңтар оқиғасына шетелдік террористер қатысқанына дәйектер береді"

Қазақстан билігі халықаралық ұйымға қаңтар оқиғасы кезіндегі қарулы топтар арасында шетелдік террористер болғанын дәлелдейтін айғақтар беруге дайын. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді France 24  телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Француз тележүргізушісі «Бұрынғы президенттің күйеу баласын лауазымды қызметтен босатты. Бұл Тоқаевтың елді басқаруда қиындықтар туғанын мойындауынан болған іс-әрекет пе, әлде бұрынғы президент пен оның жақындары қазіргі президенттің рөлін тұрақсыздандырғыс келді ме?», деген сұрақ қойды.

Оған СІМ басшысы президент Тоқаев мұндай шешім қабылдауға ешкім мәжбүрлемегенін айтты.

"Тимур Құлыбаев  Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшылығынан өз еркімен кетті. Біздің Президентіміз бұдан былай байлықта тепе-теңдік сақталатынын айтты", - деді Мұхтар Тілеуберді.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321