Сенбі, 23 Қараша 2024
4933 17 пікір 1 Ақпан, 2023 сағат 11:42

Ресей Украинадағы соғыс туралы жазған қазақстандық басылымды сотқа берді

Украинадағы соғыс туралы мақала жазғаны үшін қазақстандық Arbat.media басылымы Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақырту алды. Арыз беруші – Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі. Сот отырысы 17 ақпанға белгіленген.

Arbat.media басылымының жазуынша, шақырту қағазында "Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс туралы мақаладан шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады" деп жазылған.

Қазақстандық басылым бұл айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің ақпараттық технология және бұқаралық байланыс саласын бақылайтын федерациялық қызметі (Роскомнадзор) бірнеше қазақстандық басылымнан Украинадағы соғыс туралы материалдарын алып тастауды талап еткен. Бұл жолы сотқа шағымдануға дейін жетіпті.

 

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377