Сенбі, 23 Қараша 2024
1770 10 пікір 2 Ақпан, 2023 сағат 17:16

Астана әкімі: "LRT құрылысы 2024 жылы бітеді"

LRT жобасы келесі жылы аяқталады. Бұл туралы Хабар 24 арнасындағы «President» бағдарламасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмысы өткен жылы басталған.

Енді қалған барлық шаруа келер жылдың соңында аяқталады.

«Өткен жылы Үкімет алғашқы қаржыны берді. Биыл бұл нысан құрылысы белсенді жүреді. Қазір жұмысты пысықтап, техника бойынша, осы ЛРТ-да жұмыс істейтін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. Жоба 2023-2024 жыл ішінде жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарланған», - деді шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, қаңтардағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте LRT жобасы сөз болды.

Президенттің айтуынша, LRT жобасы қате болды, бірақ оны тоқтатсақ, шығын одан да көп болады.

Елордадағы LRT құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған болатын.

2020 жылдың қаңтарында LRT-ға қатысты істі тергеу шаралары аяқталды. Сол жылы қазанда іс сот қарауына жолданды.

Сондай-ақ, былтыр 13 тамызда Астана прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Аталған екі күдікті қазіргі уақытта қылмыстық қудалаудан бой тасалап жүр.

 

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371