Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 1678 0 пікір 7 Ақпан, 2023 сағат 12:59

Сайтымызға сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру шарттары

«Abai.kz» ақпараттық порталының (бұдан ары – Сайт)  меншік иесі – «Абай ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» Қоғамдық Қоры. «Abai.kz» ақпараттық порталы 2009 жылдың 15 сәуір күні құрылған. 

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс («ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының-3 тармағы).

Сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осыған байланысты:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес 2023 жылдың 19 наурызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін ұсынған және тіркелген үміткерлерді (бұдан ары – үміткерлер), сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарлаймыз.

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі:

Сайттан интернет алаңдарын беру Парламент Мәжілісіне үміткерлерді (саяси партиялар мен өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша үміткерлер) ұсынған саяси партиялар мен жеке тұлғалардың сенімді өкілі арасында үгіт-насихат материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісмшарт негізінде жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 27-бабы, 2-тармағының талаптарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайтқа жазбаша өтініш осы Ақпараттық хабарлама негізінде демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайынғы сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Алматы  қаласы, Уәлиханов көшесі, 43А үй, 4 қабат, 402 офис мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымдарда қаржыландыру көздері, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиісті.

Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтіншітердің келіп түсу реттілігіне байланысты сайттың меншік иесімен белгіленеді.

Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі:

Сайтқа үгіттік баспа материалдары мақала жарық көретін датаға 1 (бір) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті.

Сайтқа берілген материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік интернет материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Сайт саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұсқан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік интернет материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

Сайт алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері:

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3538