Сенбі, 23 Қараша 2024
2065 1 пікір 7 Ақпан, 2023 сағат 14:12

2023 жылы 1539 этникалық қазақ қандас мәртебесін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 ақпандағы есеппен 1539 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, жыл басынан елімізге келген қандастардың жартысы (50%) Өзбекстаннан, 16,3%-ы Қытайдан, 15,9%-ы Ресейден, 8,4%-ы Түрікменстаннан, 4,5%-ы Моңғолиядан және басқа елдерден келді.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

"1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ", - делінген хабарламада.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401